iPad құрылғысында iCloud қызметін пайдалану
iCloud фотоларыңызды, видеоларыңызды, құжаттарыңызды, сақтық көшірмелеріңізді және т.б. қауіпсіз сақтайды—және оларды барлық құрылғыларыңызда автоматты түрде жаңартылған күйде ұстайды. iCloud қызметімен фотоларды, күнтізбелерді, жазбаларды қалталарды және файлдарды достарыңызбен және отбасыңызбен бөлісуіңізге де болады. iCloud сізді электрондық пошта аккаунтымен және деректеріңіз үшін 5 ГБ тегін сақтау орнымен қамтамасыз етеді. Қосымша сақтау орны мен қосымша мүмкіндіктер үшін iCloud+ қызметіне жазылуыңызға болады.
Ескертпе: Кейбір iCloud мүмкіндіктерінде минималды жүйе талаптары бар. iCloud қызметі мен оның мүмкіндіктерінің қолжетімділігі елге немесе аймаққа байланысты өзгереді.
iCloud сервисін баптау
«Реттеулер»
> [атыңыз] тармағына өтіңіз.
Атыңызды көрмесеңіз, «Apple аккаунты» түймесін түртіңіз, содан кейін Apple аккаунтыңызға кіріңіз.
«iCloud» түймесін түртіңіз, «Барлығын көру» түймесін түртіңіз, одан кейін iCloud қызметімен синхрондағыңыз келетін қолданбалар мен мүмкіндіктерді қосыңыз.
Мысалы, iCloud Drive ішіндегі файлдарды басқа құрылғыларыңызға қолжетімді ету үшін iCloud Drive параметрін қосыңыз.
iCloud мүмкіндіктерін басқа құрылғыларыңызда теңшеу жолы туралы ақпаратты iCloud пайдаланушы нұсқаулығындағы iCloud қызметін баптау және реттеулерді барлық құрылғыларыңызда өзгерту бөлімінен қараңыз.
iPad құрылғысында iCloud қызметін пайдалану жолдары
iCloud қызметі iPad құрылғыңызды автоматты түрде сақтық көшірмелеп отыра алады. iPad құрылғыңызды сақтық көшірмелеу бөлімін қараңыз.
iCloud қызметінде сақталған және iPad құрылғыңызда және басқа Apple құрылғыларыңызда жаңартылып отырған келесі ақпаратты да сақтай аласыз:
Фотолар және видеолар; «iCloud фотолары» функциясын пайдалану бөлімін қараңыз
Файлдар мен құжаттар; iCloud Drive сервисін баптау бөлімін қараңыз
iCloud поштасы
«Контактілер», «Күнтізбелер», «Жазбалар» және «Еске салғыш»
Үйлесімді үшінші тарап қолданбалары мен ойындарынан алынған деректер
Хабарлар; «Хабарлар» қызметін баптау бөлімін қараңыз
Құпиясөздер; Құпиясөздерді пайдалану бөлімін қараңыз
Safari бетбелгілері және ашық қойындылар; Веб-сайтты бетбелгілеу және Қойындыларды ашу және жабу бөлімдерін қараңыз
«News», «Акциялар» және «Ауа райы» реттеулері
«Үй» және «Денсаулық» деректері
Дауыстық жазбалар
Картадағы таңдаулылар
Сондай-ақ, келесі әрекеттерді орындауыңызға болады:
фотоларыңыз бен видеоларыңызды бөлісіңіз. Ортақ альбомдар жасау және iCloud сервисіндегі ортақ фотолар жинағын баптау немесе оған қосылу бөлімдерін қараңыз.
Қалталар мен құжаттарды бөлісу үшін iCloud Drive қызметін пайдаланыңыз.
«Локатор» қолданбасын жоғалған құрылғыны табу және геолокацияларды достармен және отбасымен бөлісу үшін пайдаланыңыз.
Қосымша сақтау орны және iCloud жеке торабы, «Эл. поштамды жасыру» мүмкіндіктеріне және Қорғалған HomeKit видеосы қолдауына қол жеткізу үшін iCloud+ қызметіне жазылуыңызға болады.
iCloud деректеріңізге iPad, Apple Watch құрылғыларыңызда, Mac компьютеріңізде, Apple Vision Pro, Apple TV, Windows құрылғыларында және iCloud.com сайтында қол жеткізуіңізге де болады. Қолжетімді мүмкіндіктер және олардың барлық құрылғыларыңызда жұмыс істеу жолы туралы мәліметтер алу үшін iCloud қызметінің пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.