iPad құрылғысындағы FaceTime қоңырауында көрінісіңізді өзгерту
FaceTime қолданбасындағы видео қоңырауларда сүйікті Memoji кейіпкеріңізге айналуыңызға болады (TrueDepth камерасы бар үлгілерде). Қолдау көрсетілген үлгілерде көрінісіңізді өзгерту үшін кірістірілген фильтрді пайдалануыңызға және стикерлер, жапсырмалар және кескіндер қосуыңызға болады.
Memoji кейіпкеріне айналу
TrueDepth камерасы бар iPad құрылғысындағы «Хабарлар» қолданбасында FaceTime қоңырауларыңызда пайдалану үшін Memoji кейіпкерін жасауыңызға болады. iPad қозғалыстарыңызды, беттік қимылдарыңызды және дауысыңызды түсіреді және оларды кейіпкеріңіз арқылы жеткізеді. (Кейіпкеріңіз тіліңізді шығарған кезіңізді де ұқсатып салады!)
iPad құрылғысындағы «Хабарлар» қолданбасында стикерлер жіберу бөлімін қараңыз.
FaceTime қоңырауы кезінде тақтаңызды түртіңіз, одан кейін
түймесін түртіңіз. (
түймесін көрмесеңіз, экранды түртіңіз.)
түймесін түртіңіз, одан кейін Memoji тармағын таңдаңыз (төмендегі таңбаларды сырғытыңыз, одан кейін біреуін түртіңіз).
Басқа қоңырау шалушы айтқан нәрсеңізді естиді, бірақ Memoji кейіпкерінің сөйлегенін көреді.
Көрінісіңізді өзгерту үшін фильтрді пайдалану
FaceTime қоңырауы кезінде тақтаңызды түртіңіз, одан кейін
түймесін түртіңіз (қолдау көрсетілген үлгілер).
Фильтрлерді ашу үшін
түймесін түртіңіз.
Төменгі жақтағы фильтрді түрту арқылы көрінісіңізді өзгертіңіз (оларды алдын ала қарау үшін солға немесе оңға сырғытыңыз).
Мәтіндік жапсырма қосу
Қоңырау кезінде экранды түртіңіз, одан кейін
түймесін түртіңіз.
түймесін түртіңіз, одан кейін мәтіндік жапсырманы түртіңіз.
Көбірек жапсырма таңдауларын көру үшін мәтін терезесінің жоғарғы жағынан жоғарыға қарай сырғытыңыз.
Жапсырма таңдалғанда, жапсырмада көрсетілуі керек мәтініңізді теріңіз, одан кейін одан тыс жерді түртіңіз.
Жапсырманы орналастыратын жерге сүйреңіз.
Жапсырманы жою үшін оны түртіңіз, одан кейін
түймесін түртіңіз.
Стикерлер қосу
Қоңырау кезінде экранды түртіңіз,
түймесін түртіңіз, одан кейін келесі әрекеттердің кез келгенін орындаңыз:
Memoji стикерін қосу үшін
түймесін, ал Emoji стикерін қосу үшін
түймесін түртіңіз.
түймесін түртіңіз, жоғары сырғытыңыз, одан кейін
түймесін түртіңіз.
Стикерді қоңырауға қосу үшін оны түртіңіз.
Көбірек опцияларды көру үшін солға сырғытыңыз.
Стикерді қажетті жерге орналастыру үшін сүйреңіз.
Стикерді жою үшін оны түртіңіз, одан кейін
түймесін түртіңіз.
Кескіндер қосу
Қоңырау кезінде тақтаңызды түртіңіз, одан кейін
түймесін түртіңіз.
түймесін түртіңіз, одан кейін кескінді қоңырауға қосу үшін оны түртіңіз.
Көбірек таңдауларды көру үшін кескіндер терезесінің жоғарғы жағынан жоғарыға қарай сырғытыңыз.
Кескінді орналастыратын жерге сүйреңіз.
Кескінді жою үшін оны түртіңіз, одан кейін
түймесін түртіңіз.