iPad құрылғысындағы Apple Pencil қаламымен скриншот түсіру және белгілеу
Apple Pencil қаламын iPad экранының суретін тез түсіру, одан кейін оны басқалармен бөлісу немесе құжаттарда пайдалану мақсатында белгілеу үшін пайдалануыңызға болады.
Экранды түсіру үшін Apple Pencil қаламымен iPad құрылғыңыздың төменгі жағындағы бір бұрыштан жоғары сырғытыңыз.
Скриншотты белгілеу үшін Apple Pencil қаламымен сызыңыз.
Сурет салу құралдарын өзгерту үшін экранның төменгі жағындағы құралдар тақтасын пайдаланыңыз. iPad құрылғысындағы «Белгілеу» қолданбасында құжаттарда жазу және сурет салу бөлімін қараңыз.
Белгіленген скриншоттарды басқаларға жіберу үшін (хабарда сияқты) немесе оны құжатта сақтау үшін (ескертпеде сияқты)
түймесін түртіңіз, одан кейін опцияны таңдаңыз.
Аяқтаған кезде «Дайын» түймесін түртіңіз, одан кейін опцияны таңдаңыз.