Бұл басқару элементін өзгерту бұл бетті автоматты түрде жаңартады
iPad құрылғысында VoiceOver қимылдары мен пернелер тіркесімдерін теңшеу
VoiceOver пәрмендерін белсендіретін қимылдар мен пернелер тіркесімдерін теңшеуіңізге болады.
«Реттеулер»
> «Әмбебап қол жеткізу» > «VoiceOver» > «Пәрмендер» тармағына өтіңіз.
Келесілердің кез келгенін түртіңіз:
Барлық пәрмен: Теңшегіңіз келетін пәрменді шарлаңыз, одан кейін «Өңдеу», «Қимыл қосу» немесе «Пернелер тіркесімін қосу» түймесін түртіңіз.
Сенсорлық қимылдар: Қимылдар мен қатысты пәрмендер тізімі.
Мәтінді қолмен енгізу: Қолжазба қимылдары мен қатысты пәрмендер тізімі.
Брайль экранының қарпі: «Брайль экранының қарпі» қимылдары мен қатысты пәрмендер тізімі.
Теңшелетін қимылдар мен пернелер тіркесімдерін тазалау үшін «VoiceOver пәрмендерін бастапқы күйіне қайтару» түймесін түртіңіз.