iPad құрылғысындағы «Музыка» қолданбасында Lossless форматындағы аудионы ойнату
Apple Music жазылушылары Lossless форматында дыбыс қысу технологиясын пайдаланып кодталған миллиондаған тректерге қол жеткізе алады.
Lossless форматында қысу — түпнұсқа деректердің барлығын сақтайтын қысым пішіні. Apple корпорациясы Apple Lossless Audio Codec (ALAC) деп аталатын өзінің жеке дыбыс сапасын жоғалтпай қысу технологиясын әзірледі. Бүкіл Apple Music каталогы ALAC технологиясын пайдаланып 16 биттік/44,1 кГц (CD сапасы) - 24 биттік/192 кГц ауқымындағы ажыратымдылықтарда кодталады.
Apple Music қызметінде Lossless сапасы туралы білуіңіз керек нәрсе
Lossless форматындағы дыбысты ұялы немесе Wi-Fi желісінде ағынмен жіберу айтарлықтай көп деректерді тұтынады. Ал Lossless форматындағы дыбысты жүктеп алу құрылғыңызда айтарлықтай көп бос орынды пайдаланады. Жоғарырақ ажыратымдылықтар төмендегілерге қарағанда көбірек деректерді пайдаланады.
AirPods, AirPods Pro, AirPods Max және Beats сымсыз құлаққаптары мінсіз дыбыс сапасын қамтамасыз ету үшін Apple AAC Bluetooth Codec кодегін пайдаланады. Дегенмен Bluetooth® қосылымдары Lossless емес.
Apple Music қызметінен жүктеп алынып қойған музыканың Lossless нұсқасын алу үшін жай ғана музыканы жойыңыз және оны Apple Music каталогынан қайта жүктеп алыңыз.
iPad құрылғысында 48 кГц-тен жоғары дискреттеу жиілігі бар әндерді ойнату үшін сізге сыртқы сандық-аналогтық түрлендіргіш қажет.
Ескертпе: Apple Music және Lossless мүмкіндіктері барлық елде немесе аймақта бола бермейді. Apple медиа сервистерінің қолжетімділігі атты Apple қолдау көрсету қызметінің мақаласын қараңыз.
«Lossless форматындағы аудио» реттеулерін қосу және дыбыс сапасы реттеулерін таңдау
Дыбыс сапасы реттеулерін ұялы желі арқылы ағынмен жіберу, Wi-Fi арқылы ағынмен жіберу және жүктеп алулар үшін таңдай аласыз.
«Реттеулер»
> «Қолданбалар» > «Музыка» тармағына өтіңіз.
«Дыбыс сапасы» түймесін түртіңіз, одан кейін оны қосу немесе өшіру үшін «Lossless форматындағы аудио» түймесін түртіңіз.
Дыбысты ағынмен жіберу және жүктеп алу үшін дыбыс сапасын таңдаңыз.
24 биттік/48 кГц ең жоғарғы ажыратымдылық үшін «Lossless» параметрін таңдаңыз.
24 биттік/192 кГц ең жоғарғы ажыратымдылық үшін «Hi-Res Lossless» параметрін таңдаңыз.
Ағынмен жіберілген музыканың дыбыс сапасы әннің қолжетімділігіне, желі жағдайларына және қосылған құлаққаптардың немесе динамиктердің мүмкіндігіне байланысты болады.
Lossless форматындағы музыканы анықтау
Музыканы Lossless аудио сапасымен тыңдау мүмкін болған кезде, альбом беттерінде «Lossless» белгішесі көрсетіледі.
«Қазір ойнатылуда» экранында музыканың «Lossless» белгішесін көру үшін «Реттеулер» > «Қолданбалар» > «Музыка» > «Дыбыс сапасы» тармағына өтіңіз,содан кейін «Lossless аудиосы» параметрін қосыңыз.
Қосымша ақпаратты Apple Music қызметіндегі Lossless форматындағы музыка туралы атты Apple қолдау көрсету қызметінің мақаласынан қараңыз.