iPad құрылғысында экрандағы қимылды тоқтату немесе азайту
iPad экранында визуалды қимылды қаламасаңыз, кейбір экран элементтерінің қозғалысын тоқтатуыңызға немесе азайтуыңызға болады, мысалы:
Тұсқағаздың, қолданбалардың және ескертулердің параллакс әсері
Экран ауысулары
Siri анимациялары
Теруді автоматты түрде аяқтау
«Хабарлар» қолданбасындағы анимацияланған толық экран мен көпіршік әсерлері
Интернеттегі және қолданбалардағы анимациялы суреттер
«Реттеулер»
> «Әмбебап қол жеткізу» > «Қозғалыс» тармағына өтіңіз.
Бұл реттеулер қозғалысты тоқтатады немесе азайтады:
Қозғалысты азайту: Қосыңыз. (Өшірулі кезде пайдаланушы интерфейсіндегі көп элемент белгішелердің параллакс әсері сияқты қимылдайды.)
Хабар әсерлерін авто ойнату: Өшіріңіз. (Қосулы кезде, «Хабарлар» қолданбасы толық экран әсерлерін автоматты түрде ойнатады. Бұл реттеуді өшірсеңіз, хабар көпіршігінің төменгі жағындағы «Қайталау» түймесін түрту арқылы әлі де әсерлерді қолмен ойната аласыз.)
Видеоны алдын ала қарау үшін авто ойнату: Өшіріңіз. (Қосылған кезде ол App Store сияқты қолданбаларға видеоның алдын ала қарау көріністерін автоматты түрде ойнатуға мүмкіндік береді.)
Анимацияланған кескіндерді автоматты түрде ойнату: Өшіріңіз. (Қосулы кезде, жылдам анимацияланған кескіндер мен «Хабарлар» және Safari қолданбаларындағы GIF файлы сияқты қозғалатын элементтер автоматты түрде ойнатылады.)
Жыпылықтаған шамдарды күңгірттеу: Қосыңыз. (Жыпылықтаулар немесе строб әсерлері анықталғанда, медиа дисплейі автоматты түрде күңгірттенеді.)
Жыпылықтамайтын курсорды таңдау: Қосыңыз. (Мәтін теріп жатқан кезде енгізу нүктесіндегі тік жолақтың жыпылықтауын тоқтатады. Егер iPad құрылғысымен брайль дисплейін пайдалансаңыз, дисплейдегі меңзер индикаторы да жыпылықтауын тоқтатады.)
Кадр жиілігін шектеу: Қосыңыз. (ProMotion дисплей технологиясы бар үлгілерде бұл дисплейдің максималды кадр жиілігін секундына 60 кадрге шектейді.
Осы әсерлерді нақты қолданбаларға қолдану үшін Нақты қолданбалардың визуалды әмбебап қол жеткізу реттеулерін бейімдеу бөлімін қараңыз.
Маңызды: iPad құрылғыңыз қолдау көрсетілетін видео мазмұнындағы жыпылықтайтын немесе жарқыраған шамдарды анықтау және оларды нақты уақытта iPad құрылғысында автоматты түрде күңгірттеу үшін құрылғыдағы алгоритмді пайдаланады. Қимыл реттеулері өзіңізге зиян немесе жарақат тудыратын, жоғары қатерлі жағдайларда немесе қандай да бір ауруды емдеу керек жағдайларда сенуге болмайды.