iPadOS 18
iPad құрылғысында жақында сақталған фотоларды табу
«Хабарлар», Safari және «Пошта» сияқты басқа қолданбалардан сақталған барлық фотоларыңызды «Жақында сақталған» топтамасынан таба аласыз. Бұл жерден сізде AirDrop арқылы жіберілген фотолар мен видеоларды да табуға болады.
![«Жақында сақталған» топтамасы фотолар мен видеоларды көрсетіп, «Фотолар» қолданбасында ашық.](https://help.apple.com/assets/67104D22F226C776D000105C/67104D286F23797D0F06FC1D/kk_KZ/7472b1029558042cefe049a75a1b14f8.png)
iPad құрылғыңызда «Фотолар» қолданбасына
өтіңіз.
Мына әрекеттердің кез келгенін орындаңыз:
Бүйірлік тақтада «Бекітілген топтамалар» түймесін түртіңіз, одан кейін «Жақында сақталған» түймесін түртіңіз.
Торда төмен қарай жанап өтіп,
түймесін, одан кейін «Соңғы қосылғандар бойынша сұрыптау» түймесін түртіңіз.
Фотоны немесе видеоны қай жерден сақтағаныңызды көру үшін оны ашыңыз, одан кейін фото туралы ақпаратты көру үшін жоғары сырғытыңыз.
Кеңес: Бүгін сақталған фотоларды көру үшін «Өткен күндер» жинағындағы топтаманы түртіңіз.