iPad құрылғысындағы «Пошта құпиялылығын қорғау» мүмкіндігін пайдалану
«Пошта» қолданбасында «Пошта құпиялылығын қорғау» функциясын жіберушілерге Поштадағы әрекеттеріңіз туралы білуді қиындату үшін қосыңыз. «Пошта құпиялылығын қорғау» параметрі IP мекенжайыңызды жасырады, сонда жіберушілер оны басқа онлайн әрекетіңізге байланыстыра алмайды немесе нақты геолокацияңызды анықтай алмайды. Сондай-ақ, ол жіберушілердің өздері сізге жіберген электрондық пошта хабарын ашқан-ашпағаныңызды көруіне жол бермейді.
«Реттеулер»
> «Қолданбалар» > «Пошта» тармағына өтіңіз.
«Құпиялылықты қорғау» түймесін түртіңіз, одан кейін «Поштадағы әрекеттерді қорғау» параметрін қосыңыз.
Ескертпе: iCloud+ қызметіне жазылған кезіңізде жеке электрондық пошта аккаунтыңызға қайта бағыттайтын бірегей, кездейсоқ электрондық пошта мекенжайларын жасау үшін «Эл. поштамды жасыру» функциясын пайдалануыңызға да болады, сонда Интернетте пішіндер толтыру немесе жаршыларға жазылу кезінде жеке электрондық пошта мекенжайыңызды бөлісудің қажеті болмайды. «Эл. поштамды жасыру» параметрін пайдалану бөлімін қараңыз.