iPad құрылғысындағы Safari қолданбасында «Эл. поштамды жасыру» параметрін пайдалану
iCloud+ қызметіне жазылған кезіңізде, «Эл. поштамды жасыру» функциясын жеке электрондық пошта мекенжайыңызды құпия сақтау үшін пайдалануыңызға болады. «Эл. поштамды жасыру» параметрімен жеке электрондық пошта аккаунтыңызға қайта бағыттайтын бірегей, кездейсоқ электрондық пошта мекенжайларын жасай аласыз, сонда Интернетте пішіндер толтыру немесе жаршыларға жазылу кезінде нақты электрондық пошта мекенжайыңызды бөлісудің қажеті болмайды.
Веб-сайтта электрондық пошта мекенжайыңыз сұралған кезде, электрондық пошта мекенжайы өрісін түртіңіз.
Пернетақтаның жоғарғы жағындағы «Эл. поштамды жасыру» түймесін түртіңіз.
«Эл. поштамды жасыру» экраны жаңа, кездейсоқ жасалған «Эл. поштамды жасыру» мекенжайын ұсынады.
Ұсынылған мекенжайды пайдаланғыңыз келмесе, жаңа ұсынылған электрондық пошта мекенжайын көру үшін
түймесін түртіңіз.
«Жалғастыру» түймесін түртіңіз.
«Эл. поштамды жасыру» мекенжайын кез келген уақытта жоя аласыз. «Эл. поштамды жасыру» мекенжайларын «Реттеулер» қолданбасында жасау және басқару бөлімін қараңыз.