iPad құрылғысында екі қолданбаны Split View режимінде ашу
iPad құрылғысында бір уақытта бірнеше қолданбамен жұмыс істей аласыз. Екі түрлі қолданбаны немесе экранды өлшемін өзгертуге болатын көріністерге бөлу арқылы бір қолданбадан екі терезені ашыңыз. Мысалы, «Хабарлар» және «Карталар» қолданбаларын Split View режимінде бір уақытта ашыңыз. Сондай-ақ үшінші қолданбаны ашылған қолданбаның алдында сырғытатын кішірек Slide Over терезесінде ашуыңызға болады.
«Split View және Slide Over» функциясын қосу
Split View және Slide Over режимінде жұмыс істеу үшін бұл мүмкіндіктер «Реттеулер» терезесінде қосулы болуы керек.
«Реттеулер»
тармағына өтіңіз, одан кейін «Көптапсырмалылық пен қимылдар» түймесін түртіңіз.
«Көптапсырмалылық» параметрінің төменіндегі «Split View және Slide Over» функциясын қосыңыз.
Екінші қолданбаны Split View режимінде ашу
Қолданбаны пайдалану кезінде
түймесін түртіңіз (қолданбаның жоғарғы жағындағы үш нүкте),
түймесін түртіңіз, одан кейін ағымдағы қолданбаны экранның сол жағында пайда болғызу үшін
түймесін, ал ағымдағы қолданбаны оң жаққа орналастыру үшін
түймесін түртіңіз.
Пайдаланып отырған қолданбаңыз басты экранды және Dock тақтасын ашу үшін бүйірге жылжиды.
Басты экрандағы немесе Dock тақтасындағы ашқыңыз келетін екінші қолданбаны табыңыз, одан кейін оны түртіңіз.
Екі қолданба Split View режимінде пайда болады.
Қолданбаны Split View режимінде ауыстыру
Split View режимінде екі қолданба ашық тұрғанда, олардың біреуін басқа қолданбамен ауыстыруыңызға болады.
Ауыстырғыңыз келетін қолданбаның жоғарғы жағында
түймесінен (қолданбаның жоғарғы жағындағы үш нүкте) төмен қарай сырғытыңыз.
Ауыстырғыңыз келетін қолданба төмен ашылады, ал басқа қолданба басты экранды және Dock тақтасын ашу үшін бүйірге жылжиды.
Басты экрандағы немесе Dock тақтасындағы ауыстырылатын қолданбаны табыңыз, одан кейін оны түртіңіз.
Екі қолданба Split View режимінде қатар пайда болады.
Кеңес: Жұмыс істеу үшін экранда көбірек бос орын алу үшін (қолдау көрсетілген үлгілерде) «Реттеулер» > «Дисплей және жарықтық» тармағына өтіңіз, «Дисплей масштабы» реттеуін түртіңіз, одан кейін «Көбірек бос орын» түймесін таңдаңыз. Бұл опция пиксель тығыздығын арттырады, сонда сіз қолданбаларыңызда көбірек контентті қарай аласыз—бұл Split View немесе Көрініс реттеушісі ішінде бірнеше терезеде жұмыс істеу кезінде пайдалы.
Split View режимін Slide Over режиміне айналдыру
Split View режимінде екі қолданба немесе терезе ашық тұрғанда, олардың біреуін Slide Over терезесіне айналдыруыңызға болады—біріншісінің алдында сырғитын кішірек терезе.
Slide Over терезесіне айналдырғыңыз келетін терезенің жоғарғы жағындағы
түймесін түртіңіз, одан кейін
түймесін түртіңіз.
Қолданбаны Slide Over режимінде ашу бөлімін қараңыз. Қолдау көрсетілген үлгілерде Split View және Slide Over режимдерін бір уақытта пайдалана аласыз.
Толық экранға оралу
Split View режимінде екі қолданба немесе терезе ашық тұрғанда, олардың біреуін жоюыңызға және басқасын толық экранда көрсетуіңізге болады. Келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:
Ортаны бөлгішті экранның сол немесе оң жақ шетіне сүйреңіз.
Толық экранда пайда болғанын қалайтын қолданбаңыздың жоғарғы жағындағы
түймесін түртіңіз, одан кейін
түймесін түртіңіз.
Толық экранда пайда болғанын қалайтын қолданбаңыздың жоғарғы жағындағы
түймесін басып тұрыңыз. Оның жоғарғы шетін экранның жоғарғы жағында ұстап тұрып, оның атауы мен белгішесі пайда болғанша экранның ортасына сүйреңіз, одан кейін саусағыңызды көтеріңіз.