iPad құрылғысында «Лупа» құралын пайдаланып айналаңыздағы адамдарды анықтау
Егер сіз зағип болсаңыз немесе нашар көретін болсаңыз, адамдардың жақын жерде болғанын анықтау және олардың қаншалықты жақын екендігі туралы ақпарат алу үшін iPad құрылғысындағы «Лупа» қолданбасын пайдалануыңызға болады. Бұл басқалардан физикалық немесе әлеуметтік қашықтықты сақтағыңыз келсе пайдалы болуы мүмкін.
Маңызды: Анықтау режиміне қаупі жоғары немесе төтенше жағдайларда, өзіңізге зиян келуі немесе жарақат алуыңыз мүмкін жағдайларда немесе шарлау үшін сенуге болмайды. Адамдарды анықтау тек қолдау көрсетілген iPad үлгілерінде қолжетімді.
Өзіңізге жақын адамдарды анықтау
iPad құрылғыңызда «Лупа» қолданбасына өтіңіз.
Анықтау режимін бастау үшін түймесін түртіңіз.
көрмесеңіз, оны қосуыңызға болады. Басқару элементтерін бейімдеу бөлімін қараңыз.
түймесін басып тұрыңыз, одан кейін «Адамдар» параметрінің таңдалғанын тексеріңіз.
iPad құрылғыңызды артқы камерасы айналаңыздағы адамдарды анықтай алатындай етіп орналастырыңыз. iPad жақын жерде адамды анықтаған кезде, сізге дыбыс немесе сөйлеу кері байланысы арқылы ескертіледі. Адам сізге жақындаған сайын кері байланыс жиілейді.
Дыбыс немесе сөйлеу кері байланысын естімесеңіз, «Дыбыссыз» режимінің қосулы емес екенін тексеріңіз. Дыбыс деңгейін реттеу бөлімін қараңыз.
Анықтауды уақытша кідірту үшін экранды екі саусақпен екі рет түртіңіз. Анықтауды жалғастыру үшін екі саусақпен қайтадан екі рет түртіңіз. Анықтау режимін тоқтату үшін түймесін түртіңіз.
Адамдарды анықтау үшін реттеулерді теңшеу
iPad құрылғыңызда «Лупа» қолданбасына өтіңіз.
түймесін түртіңіз, одан кейін «Анықтау» түймесін түртіңіз.
«Адамдар» түймесін түртіңіз, одан кейін келесі әрекеттердің кез келгенін теңшеңіз:
Бірліктер: «Метр» немесе «Фут» бірлігін таңдаңыз.
Дыбыс деңгейінің қашықтығы: Дыбыстық кері байланыс қашықтығын реттеу үшін немесе түймесін түртіңіз. Адамдар осы қашықтық ішінде анықталған кезде, дыбыс кері байланысының ең жоғарғы шегі артады.
Кері байланыс: «Белгілер», «Дыбыстар» мен «Сөйлеу» параметрлерінің кез келген тіркесімін қосыңыз. «Сөзді дыбыстау» параметрін қоссаңыз, iPad сіз бен басқа адамның арасындағы қашықтықты айтады.
Аяқтаған кезде түймесін түртіңіз, оны қайтадан түртіңіз, одан кейін «Дайын» түймесін түртіңіз.