iPad құрылғысында фотолар мен видеоларды көру
«Фотолар» қолданбасын iPad құрылғысындағы фотоларыңыз бен видеоларыңызды көру үшін пайдаланыңыз.
Фотоларды жекелеп қарау

iPad құрылғыңызда «Фотолар» қолданбасына
өтіңіз.
Толық экранда көру үшін фотоны түртіңіз.
Кеңес: Live Photo суретін
қарау кезінде фотоны ойнату үшін оны басып тұрыңыз.
Фотоны жабу үшін
түймесін түртіңіз және кітапханаңызды шолуды жалғастырыңыз.
Видеоны ойнату

iPad құрылғыңызда «Фотолар» қолданбасына
өтіңіз.
Ойнату үшін видеоны түртіңіз.
Видеоны жабу үшін
түймесін түртіңіз және кітапханаңызды шолуды жалғастырыңыз.
Кітапхананы шолу
«Фотолар» қолданбасында көбірек фотоларды көру үшін төмен сырғытыңыз. Соңғы фотолар төменгі жағында; уақытта кері жылжу үшін төмен қарай сырғыта беріңіз.
Кеңес: Кітапхананы қарау кезінде үлкейту немесе кішірейту үшін экранды түйістіріңіз.

Топтамаларды шолу
Жинағыңыздың төменгі жағында «Өткен күндер», «Сапарлар» және «Адам, үй жануары» сияқты дайын топтамаларға реттелген фотоларыңыз бен видеоларыңыз бар. Әрбір тақырыптың астында соңғы жинақтарды айналдыруыңызға немесе көбірек көру үшін тақырыпты түртуіңізге болады.
Жинақты ашу үшін оны түртіңіз және маңызды жерлері бар егжей-тегжейлі көріністі көріңіз. Басқа жинақтарды көру үшін оңға немесе солға сырғытыңыз.
