iPad құрылғысында iCloud қызметін пайдалану
iCloud фотосуреттеріңізді, бейнелеріңізді, құжаттарыңызды, сақтық көшірмелеріңізді және т.б. қауіпсіз сақтайды—және оларды барлық құрылғыларыңызда автоматты түрде жаңартылған күйде ұстайды. iCloud қызметімен фотосуреттерді, күнтізбелерді, жазбаларды қалталарды және файлдарды достарыңызбен және жанұяңызбен бөлісуіңізге де болады. iCloud сізді электрондық пошта тіркелгісімен және деректеріңіз үшін 5 ГБ тегін сақтау орнымен қамтамасыз етеді. Қосымша сақтау орны мен қосымша мүмкіндіктер үшін iCloud+ қызметіне жазылуыңызға болады.
Ескертпе: Кейбір iCloud мүмкіндіктерінде ең аз жүйе талаптары бар. iCloud қызметі мен оның мүмкіндіктерінің қолжетімділігі елге немесе аймаққа байланысты өзгереді.
iCloud параметрлеріңізді өзгерту
Apple ID идентификаторымен кіріңіз, одан кейін келесі әрекеттерді орындаңыз:
«Реттеулер»
> [атыңыз] > «iCloud» тармағына өтіңіз.
Келесі әрекеттердің кез келгенін орындаңыз:
iCloud жадыңыздың күйін қараңыз.
«Фотолар», «iCloud Drive» және «iCloud сақтық көшірмесі» сияқты пайдаланғыңыз келетін мүмкіндіктерді қосыңыз.
iCloud мүмкіндіктерін басқа құрылғыларыңызда теңшеу жолы туралы ақпаратты iCloud пайдаланушы нұсқаулығындағы iCloud қызметін орнату және параметрлерді барлық құрылғыларыңызда өзгерту бөлімінен қараңыз.
iPad құрылғысында iCloud қызметін пайдалану жолдары
iCloud қызметі iPad құрылғыңызды автоматты түрде сақтық көшірмелеп отыра алады. iPad құрылғыңызды сақтық көшірмелеу бөлімін қараңыз.
iCloud қызметінде сақталған және iPad құрылғыңызда және басқа Apple құрылғыларыңызда жаңартылып отырған келесі ақпаратты да сақтай аласыз:
Фотосуреттер мен бейнелер; iPad құрылғысында «iCloud фотолары» қолданбасын пайдалану бөлімін қараңыз
Файлдар мен құжаттар; iPad құрылғысында iCloud Drive қызметін орнату бөлімін қараңыз
iCloud поштасы
«Контактілер», «Күнтізбелер», «Ескертпелер» және «Еске салғыштар»
Үйлесімді үшінші тарап қолданбалары мен ойындарынан алынған деректер
Хабарлар ағындары; iPad құрылғысында «Хабарлар» қолданбасын орнату бөлімін қараңыз
Құпия сөздер мен төлем әдістері; iPad және iCloud Keychain көмегімен құпия кілттер мен құпия сөздеріңізді барлық құрылғыларыңызда қолжетімді ету бөлімдерін қараңыз
Safari бетбелгілері мен ашық қойындылар; iPad құрылғысындағы Safari шолғышында таңдаулы веб-сайттарды бетбелгілеу және iPad құрылғысындағы Safari шолғышында қойындыларды ашу және жабу бөлімдерін қараңыз
«Жаңалықтар», «Акциялар» және «Ауа райы» параметрлері
«Үй» және «Денсаулық» деректері
Дауыстық жазбалар
Картадағы таңдаулылар
Сондай-ақ, келесі әрекеттерді орындауыңызға болады:
Фотосуреттеріңіз бен бейнелеріңізді бөлісіңіз. iPad құрылғысында iCloud ортақ альбомдарын пайдалану бөлімін қараңыз.
Қалталар мен құжаттарды iCloud Drive қызметінде бөлісу. Файлдар мен қалталарды iPad құрылғысында iCloud Drive қызметінде бөлісу бөлімін қараңыз.
«Локатор» қолданбасын жоғалған құрылғыны табу немесе орындарды достармен және жанұямен бөлісу үшін пайдаланыңыз. iPad құрылғысындағы «Локатор» қолданбасында құрылғыны табу және iPad құрылғысындағы «Локатор» қолданбасында досты табу бөлімдерін қараңыз.
Қосымша сақтау орны және iCloud жеке сайты, «Эл. поштамды жасыру» мүмкіндіктеріне және Қорғалған HomeKit видеосы қолдауына қатынау үшін iCloud+ қызметіне жазылуыңызға болады.
iCloud деректеріңізге iPhone, Apple Watch құрылғыларыңызда, Mac компьютеріңізде, Apple TV теледидарыңызда, Windows компьютеріңізде және iCloud.com сайтында қатынауыңызға да болады. Қолжетімді мүмкіндіктер және олардың барлық құрылғыларыңызда жұмыс істеу жолы туралы мәліметтер алу үшін iCloud қызметінің пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.