iPad құрылғысының түртуіңізге жауап беру жолын реттеу
Қол дірілдесе, ептілік пен ұсақ моторикада қиындықтар болса, iPad құрылғысының сенсорлы экранының түрту, сипау және басып тұру қимылдарына жауап беру жолын реттеуіңізге болады. iPad құрылғысына жылдам немесе жай түртулерді анықтатуыңызға және бірнеше түртулерді елетпеуіңізге болады. iPad құрылғысының экранды түрткен немесе iPad құрылғысын байқамай шайқаған жағдайда «Болдырмау үшін шайқау» параметрін өшірген кезіңізде оянуына жол бермеуіңізге болады.
Түртулер, сипаулар және бірнеше түртулер үшін параметрлерді реттеу
«Реттеулер»
> «Қолжетімділік» > «Түрту» > «Түрту әрекетін бейімдеу» тармағына өтіңіз, одан кейін «Түрту әрекетін бейімдеу» параметрін қосыңыз.
iPad құрылғыңызды келесі әрекеттердің кез келгенін орындайтын етіп теңшеуіңізге болады:
Белгілі бір ұзақтықтар түртулеріне жауап беру: Ұзақтықты реттеу үшін «Ұстап тұру ұзақтығы» параметрін қосыңыз, одан кейін
немесе
түймесін түртіңіз. (әдепкі мән — 0,10 секунд.)
Байқамай сипау қимылдарын болдырмау: Сипау қимылы басталмастан бұрын қажетті қозғалыс мөлшерін көбейту үшін «Жанап өту қимылдары» түймесін түртіңіз, «Жанап өту қимылдары» параметрін қосыңыз, одан кейін қажетті қозғалысты реттеңіз.
Бірнеше түртулері бір түрту ретінде орындау: Көп түртулер арасында рұқсат етілген уақыт мөлшерін реттеу үшін «Қайталауды елемеу» параметрін қосыңыз, одан кейін
немесе
түймесін түртіңіз.
Бірінші немесе соңғы түрткен орныңызға жауап беру: «Бастапқы түрту орнын пайдалану» немесе «Соңғы түрту орнын пайдалану» параметрін таңдаңыз.
«Бастапқы түрту орнын пайдалану» параметрі таңдалса, iPad құрылғысы бірінші түрту орнын пайдаланады—мысалы, «Басты бет» экранында қолданбаны түрткенде. «Соңғы түрту орнын пайдалану» параметрін таңдасаңыз, iPad саусағыңызды көтерген жерде түртуді тіркейді. iPad белгілі бір уақыт мерзімінде саусағыңыз көтерілгенде түртуге жауап береді. Уақытты реттеу үшін
немесе
түймесін түртіңіз. Қимыл кідірісінен ұзақ күтсеңіз, құрылғыңыз сүйреу қимылдары сияқты басқа қимылдарға жауап бере алады.
Басып тұру қимылдары үшін параметрлерді реттеу
Басып тұру қимылы мазмұнның алдын ала қарау көріністерін, әрекеттерді және мәтінмәндік мәзірлерді шығарады. Бұл қимылды жасауда қиындықтар болса, келесі әрекеттерді орындаңыз:
«Реттеулер»
> «Қолжетімділік» > «Түрту» > «Тактильді түрту» тармағына өтіңіз.
Түрту ұзақтығын таңдаңыз—«Жылдам» немесе «Баяу».
Экранның төменгі жағындағы суретте жаңа параметрлеріңізді тексеріңіз.
«Ояту үшін түрту» параметрін өшіру
Қолдау көрсетілген үлгілерде дисплейді түртулердің iPad құрылғысын оятуына жол бермеуіңізге болады. «Реттеулер» > «Қолжетімділік» > «Түрту» тармағына өтіңіз, одан кейін «Ояту үшін түрту» параметрін өшіріңіз.
«Болдырмау үшін шайқау» параметрін өшіру
iPad құрылғысын байқамай шайқауға бейім болсаңыз, «Болдырмау үшін шайқау» параметрін өшіруіңізге болады. «Реттеулер» > «Қолжетімділік» > «Түрту» тармағына өтіңіз.
Кеңес: Мәтін өңдеулерін болдырмау үшін үш саусақпен солға қарай сипаңыз.