Файлдарды iPad құрылғыңыз бен компьютеріңіздің арасында тасымалдау
Фотосуреттеріңізді, бейнелеріңізді және басқа файлдарды iPad құрылғыңыз бен компьютеріңіздің арасында тасымалдаудың бірнеше жолы бар.
Файлдарды сымсыз жылдам тасымалдау: Файлдарды электрондық пошта, хабарлар немесе AirDrop көмегімен сымсыз тасымалдау бөлімін қараңыз.
iCloud қызметін пайдалану: iCloud көмегімен файлдарыңызды автоматты түрде жаңартылған күйде ұстау бөлімін қараңыз.
Box немесе DropBox сияқты қызметті пайдалану: Файлдарды бұлтта сақтау қызметін пайдаланып бөлісу бөлімін қараңыз.
Сыртқы сақтау құрылғысын пайдалану: Файлдарды сыртқы сақтау құрылғыларымен тасымалдау бөлімін қараңыз.
Файл серверін пайдалану: Файлдарды бөлісу үшін файл серверін пайдалану бөлімін қараңыз.
Кабель пайдалану: Мазмұнды Finder немесе iTunes арқылы синхрондау немесе файлдарды тасымалдау бөлімін қараңыз.
Маңызды: Қолданбаның меншікті пішімінде сақталған файлдар, бағдарламалық жасақтаманың ескі нұсқаларында сақталған файлдар және авторлық құқықтармен қорғалған файлдар сияқты деректердің кейбір түрлері үшін тасымалдау, бөлісу немесе синхрондау шектелуі мүмкін.