iPad құрылғысында оятқышты орнату
«Сағат» қолданбасында оятқыштарды күннің кез келген уақыты үшін орната аласыз және оларды аптаның бір немесе бірнеше күнінде қайталатқызуыңызға болады.
Siri: Мына сөздер сияқты бірнәрсені айтыңыз: «Set an alarm for 7 a.m.» Siri көмекшісін пайдалану жолын үйреніңіз.
Оятқышты орнату
«Оятқыш» түймесін, одан кейін
түймесін түртіңіз.
Уақытты орнатыңыз, одан кейін келесі параметрлердің кез келгенін таңдаңыз:
Қайталау: Апта күндерін таңдаңыз.
Белгі: Оятқышқа «Гүлдерге су құю» сияқты атау беріңіз.
Дыбыс: Әнді немесе рингтонды таңдаңыз.
Кейінге қалдыру: Тағы тоғыз минут жата тұрыңыз.
«Сақтау» түймесін түртіңіз.
Оятқышты өзгерту үшін оятқыш уақытын түртіңіз. Не болмаса, жоғарғы сол жақтағы «Өңдеу» түймесін түртіңіз, одан кейін оятқыш уақытын түртіңіз.
Оятқыштарды өшіру
Дабыл уақытының төменгі жағындағы түймені түртіңіз.
Оятқышты жою
Оятқышты жою үшін жоғарғы сол жақ шетте «Өңдеу» түймесін, «Жою» түймесін түртіңіз, одан кейін «Дайын» түймесін түртіңіз.