iPad құрылғысында жойылған хабарларды қалпына келтіру
«Хабарлар» қолданбасында iPad құрылғыңызда жойылған хабарларды қалпына келтіруіңізге болады.
«iCloud бұлтындағы хабарлар» параметрімен iPad құрылғыңыздан жойған және қалпына келтірген кез келген нәрсеңіз iCloud бұлтындағы хабарлар параметрі қосылған басқа Apple құрылғыларыңыздан да жойылады және қалпына келтіріледі.
Хабарларды жою және қалпына келтіру алушыларыңыздікін емес, тек өзіңіздің жеке «Хабарлар» сөйлесулеріңізді өзгертеді.
30 күнге дейінгі жойылған хабарларыңызды қалпына келтіре аласыз.
«Хабарлар» сөйлесу тізімінде келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:
Жоғарғы сол жақ бұрыштағы «Өңдеу» түймесін түртіңіз, одан кейін «Жақында жойылғандар» параметрін түртіңіз.
Жоғарғы сол жақ бұрыштағы «Сүзгілер» түймесін түртіңізз, одан кейін «Жақында жойылғандар» параметрін түртіңіз.
Сөйлесуде болсаңыз, сөйлесу тізіміне оралу үшін
түймесін түртіңіз.
Хабарларын қалпына келтіргіңіз келетін сөйлесулерді таңдап, «Қалпына келтіру» түймесін түртіңіз.
«Хабарларды қалпына келтіру» түймесін түртіңіз.
Ескертпе: Жіберу әрекетін болдырмау мүмкіндігін пайдаланып сөйлесуден жойған кез келген хабарыңыз түбегейлі жойылады.