iPad құрылғысындағы «Дауыстық жазбалар» қолданбасында жазбаны өңдеу немесе жою
«Дауыстық жазбалар» қолданбасында жазбаларыңызды дәл реттеу үшін өңдеу құралдарын пайдалануыңызға болады. Қажет емес бөліктерді жоюыңызға, бөліктердің үстіне жазуыңызға немесе бүкіл жазбаны ауыстыруыңызға болады.
Артығын кесу
Жазбалар тізімінде өңдегіңіз келетін жазбаны түртіңіз, одан кейін жоғарғы оң жақтағы «Өңдеу» түймесін түртіңіз.
Жоғарғы оң жақтағы
түймесін түртіңіз, одан кейін сақтағыңыз немесе жойғыңыз келетін бөлімді қосу үшін сары кесу тұтқаларын сүйреңіз.
Дәлірек өңдеу үшін толық пішінінде үлкейту мақсатында шымшып ашуыңызға болады.
Таңдауыңызды тексеру үшін
түймесін түртіңіз.
Таңдауды сақтау (және қалған деректерді жою) үшін «Кесу» түймесін түртіңіз, ал таңдауды жою үшін «Дайын» түймесін түртіңіз.
«Сақтау» түймесін, одан кейін «Дайын» түймесін түртіңіз.
Жазбаны ауыстыру
Жазбалар тізімінде ауыстырғыңыз келетін жазбаны түртіңіз, одан кейін жоғарғы оң жақтағы «Өңдеу» түймесін түртіңіз.
Ойнату басын жаңа дыбысты жазуды бастау керек жерге орналастыру үшін толқын пішінін сүйреңіз.
Дәлірек орналастыру үшін толық пішінінде үлкейту мақсатында шымшып ашуыңызға болады.
Жазуды бастау үшін «Ауыстыру» түймесін түртіңіз (жазып жатқаныңызда толқын пішіні қызыл түске айналады).
Уақытша тоқтату үшін
түймесін түртіңіз; жалғастыру үшін «Жалғастыру» түймесін түртіңіз.
Жазбаңызды тексеру үшін
түймесін түртіңіз.
Өзгертулерді сақтау үшін «Дайын» түймесін түртіңіз.
Жазбаны жою
Келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:
Жазбалар тізімінде жойғыңыз келетін жазбаны түртіңіз, одан кейін
түймесін түртіңіз.
Жазбалар тізімінің жоғарғы жағындағы «Өңдеу» түймесін түртіңіз, бір немесе бірнеше жазбаны таңдаңыз, одан кейін «Дайын» түймесін түртіңіз.
Жойылған жазбалар «Жақында жойылғандар» қалтасына өтеді, ол жерде олар әдепкі жағдайда 30 күн бойы сақталады. Жойылған жазбалардың сақталу ұзақтығын өзгерту үшін «Реттеулер» > «Дауыстық жазбалар» > «Жойылғандардан тазалау» тармағына өтіңіз, одан кейін параметрді таңдаңыз.
Жойылған жазбаны қалпына келтіру немесе өшіру
«Жақында жойылғандар» қалтасын түртіңіз, одан кейін қалпына келтіргіңіз немесе өшіргіңіз келетін жазбаны түртіңіз.
Келесі әрекеттердің кез келгенін орындаңыз:
Таңдалған жазбаны қалпына келтіру: «Қалпына келтіру» түймесін түртіңіз.
«Жақында жойылғандар» қалтасындағы барлық нәрсені қалпына келтіру: «Жақында жойылғандар» тізімінің жоғарғы жағындағы «Өңдеу» түймесін түртіңіз, одан кейін «Барлығын қалпына келтіру» түймесін түртіңіз.
«Жақында жойылғандар» қалтасындағы барлық нәрсені жою: «Жақында жойылғандар» тізімінің жоғарғы жағындағы «Өңдеу» түймесін түртіңіз, одан кейін «Барлығын жою» түймесін түртіңіз.