iPad құрылғысында ескертпелерді қалталарға ұйымдастыру
«Ескертпелер» қолданбасында ескертпелеріңізді қалталарға ұйымдастыруыңызға және маңызды ескертпелерді ескертпелер тізімінің жоғарғы жағына бекітуіңізге болады.
Қалта жасау, оның атауын өзгерту, оны жылжыту немесе жою
Қалталар тізімінде келесі әрекеттердің кез келгенін орындаңыз:
Қалта жасау:
түймесін түртіңіз, тіркелгіні таңдаңыз (бірнеше тіркелгіңіз болса), «Жаңа қалта» түймесін түртіңіз, одан кейін атауды енгізіңіз.
Ішкі қалта жасау: Қалтаны басып тұрыңыз, одан кейін оны басқа қалтаға сүйреңіз.
Қалтаның атауын өзгерту: Қалтаны басып тұрыңыз, «Атауын өзгерту» түймесін түртіңіз, одан кейін жаңа атауды енгізіңіз.
Қалтаны жылжыту: Қалтада солға сипаңыз,
түймесін түртіңіз, одан кейін жаңа орынды таңдаңыз. Не болмаса, қалтаны басып тұрып, оны жаңа орынға сүйреңіз. Қалтаны басқа қалтаға сүйресеңіз, ол ішкі қалтаға айналады.
Қалтаны жою: Қалтада солға сипаңыз, одан кейін
түймесін түртіңіз. Не болмаса қалтаны басып тұрыңыз, одан кейін «Дайын» түймесін түртіңіз.
Ойыңызды өзгертсеңіз, жазбаларды қалпына келтіру үшін «Жақында жойылғандар» қалтасын ашыңыз.
Ескертпелерді бекіту
Маңызды ескертпені ескертпелер тізімінің жоғарғы жағына бекіту үшін ескертпені басып тұрыңыз, одан кейін «Ескертпені бекіту» түймесін түртіңіз. Не болмаса, жазбада оңға сипаңыз, одан кейін түйреуішті түртіңіз.
Қалта көрінісін сұрыптау және өзгерту
Ескертпелер тізімінде түймесін түртіңіз, одан кейін келесі әрекеттердің кез келгенін орындаңыз:
Қалта көрінісін өзгерту: «Галерея ретінде көру» немесе «Тізім ретінде көру» параметрін таңдаңыз.
Ескертпелерді күн бойынша топтау: «Күні бойынша топтау» түймесін, одан кейін «Қосу» түймесін түртіңіз.
Барлық ескертпелеріңізді әдепкі күйде күн бойынша топтау үшін «Реттеулер»
> «Ескертпелер» тармағына өтіңіз, одан кейін «Ескертпелерді күні бойынша топтау» параметрін қосыңыз.
Қалтаның сұрыптау ретін өзгерту: «Сұрыптау әдісі» түймесін түртіңіз, одан кейін «Өңделген күні», «Жасалған күні» немесе «Атауы» параметрін таңдаңыз. Сондай-ақ, сұрыптау ретін кері өзгертуіңізге болады,—мысалы, «Алдымен ескілері» немесе «Алдымен жаңалары».
Барлық қалталарыңызға әдепкі сұрыптау әдісін таңдау үшін «Реттеулер»
> «Ескертпелер» > «Ескертпелерді сұрыптау:» тармағына өтіңіз.
Жазбаны басқа қалтаға жылжыту
Жазбада солға сипаңыз, одан кейін түймесін түртіңіз. Не болмаса, жазбаны басып тұрыңыз, «Жылжыту» түймесін түртіңіз, одан кейін қалтаны таңдаңыз.
Жазбаны жою
Жазбада солға сипаңыз, одан кейін түймесін түртіңіз. Не болмаса, жазбаны басып тұрыңыз, одан кейін «Дайын» түймесін түртіңіз.
Ойыңызды өзгертсеңіз, жазбаны қалпына келтіру үшін «Жақында жойылғандар» қалтасын ашыңыз.