Magic Trackpad трекпадын iPad құрылғысына қосу
Magic Trackpad трекпадын, соның ішінде Magic Trackpad 2 трекпадын iPad құрылғыңызға қосуыңызға болады (Magic Trackpad бөлек сатылады).
Magic Trackpad трекпадын жұптау
Magic Trackpad трекпадының қосулы және зарядталған екенін тексеріңіз.
iPad құрылғысында «Реттеулер»
> «Bluetooth» тармағына өтіңіз, одан кейін Bluetooth параметрін қосыңыз.
Құрылғы «Басқа құрылғылар» тізімінде пайда болған кезде оны таңдаңыз.
Ескертпе: Magic Trackpad Mac компьютеріңізбен немесе басқа iPad құрылғысымен жұпталып қойған болса, Magic Trackpad трекпадын iPad құрылғыңызға қоспастан бұрын олардың жұбын ажыратуыңыз керек. Келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:
iPhone, iPad немесе iPod touch құрылғысында: Bluetooth құрылғысының жұбын ажырату бөлімін қараңыз.
macOS Ventura жүйесінде: «Apple мәзірі»
> «Жүйе реттеулері» тармағын таңдаңыз, бүйірлік жолақта Bluetooth түймесін басыңыз, құрылғыны Control пернесімен басыңыз, одан кейін «Ұмыту» параметрін таңдаңыз.macOS 12.5 немесе оған дейінгі жүйеде: «Apple мәзірі» > «Жүйе параметрлері» тармағын таңдаңыз, Bluetooth түймесін басыңыз, құрылғыны Control пернесімен басыңыз, одан кейін «Жою» түймесін басыңыз.
Magic Trackpad трекпадын iPad құрылғысына қайта қосу
Magic Trackpad артындағы қосқышын Off күйіне қойғаныңызда немесе оны немесе iPad құрылғысын Bluetooth ауқымынан тыс—шамамен 10 метрге (33 фут) жылжытқан кезде ажырайды.
Қайта қосу үшін трекпад қосқышын On күйіне орнатыңыз немесе трекпад пен iPad құрылғысын қайтадан ауқымға әкеліңіз, одан кейін трекпадты басыңыз.