Жұмысты бастау
Жаңа iPad құрылғысын пайдалануды бастамас бұрын бірнеше негізгі мүмкіндіктерді орнатыңыз.
Жеке әсер қосу
iPad құрылғыңыз стиліңізді, қызығушылықтарыңыз бен дисплей параметрлеріңізді көрсете алады. Құлыптау экранын теңшеңіз, басты экранға виджеттер қосыңыз, мәтін өлшемін реттеңіз және т.б. әрекеттерді орындаңыз.
Байланыста болу
iPad сізге маңызды адамдармен байланысуды жеңілдетеді. «Хабарлар» қолданбасында сөйлесулерді бастаңыз, FaceTime қоңырауларын шалыңыз, тіпті бірге отырып фильмдер қараңыз және музыка тыңдаңыз.
iPad құрылғысымен көп тапсырма орындау
Бірнеше қолданбада бір уақытта жұмыс істеу және көп қолданатын қолданбаларыңыз арасында ауысу жолын үйреніңіз.
Шығармашылығыңызды күшейту
Apple Pencil қаламымен өз ойыңызды білдірудің жаңа жолдарын ашыңыз
iPad құрылғысының пайдаланушы нұсқаулығын шолу үшін беттің жоғарғы жағындағы Мазмұны түймесін түртіңіз немесе іздеу өрісіне сөзді немесе тіркесті енгізіңіз.