Файлдарды iPad құрылғыңыз бен компьютеріңіздің арасында тасымалдау
Фотоларыңызды, видеоларыңызды және басқа файлдарды iPad құрылғыңыз бен компьютеріңіздің арасында тасымалдаудың бірнеше жолы бар.
Файлдарды сымсыз жылдам тасымалдау: iPad құрылғысында AirDrop арқылы файлдарды жақын жердегі Apple құрылғыларына жіберу бөлімін қараңыз.
iCloud қызметін пайдалану: iCloud көмегімен файлдарыңызды автоматты түрде жаңартылған күйде ұстау бөлімін қараңыз.
Сыртқы сақтау құрылғысын, файл серверін немесе Box немесе DropBox сияқты бұлтта сақтау қызметін пайдалану: Файлдарды iPad құрылғысынан сақтау құрылғысына, серверге немесе бұлтқа тасымалдау бөлімін қараңыз.
Кабель пайдалану: Mac үшін iPad құрылғысы мен компьютеріңізді кабельмен қосу. бөлімін қараңыз. Windows құрылғылары үшін Файлдарды компьютеріңіз бен құрылғыларыңыздың арасында iTunes арқылы тасымалдау бөлімін қараңыз.
Маңызды: Қолданбаның меншікті пішімінде сақталған файлдар, бағдарламалық жасақтаманың ескі нұсқаларында сақталған файлдар және авторлық құқықтармен қорғалған файлдар сияқты деректердің кей түрлері үшін тасымалдау, бөлісу немесе синхрондау шектелуі мүмкін.