Мүмкіндіктерге iPhone құлыптау экранынан қол жеткізу
Құлыптау экраны iPhone құрылғыңызды қосқанда немесе оятқанда пайда болады. Құлыптау экранынан хабарландыруларды қарауыңызға, «Камера» қолданбасы мен Басқару орталығын ашуыңызға, таңдаулы қолданбаларыңыздан бір қарағаннан ақпарат алуыңызға, медиафайлдардың ойнатылуын басқаруыңызға және т.б. әрекеттерді орындауыңызға болады.
Тұсқағазды таңдау, таңдаулы фотоны көрсету, уақыт қарпін өзгерту, виджеттер қосу және т.б. арқылы Құлыптау экраныңызды жекелендіруіңізге болады. Арнаулы iPhone құлыптау экранын жасау бөлімін қараңыз.
![Жоғарғы жаққа жақын уақыт пен күнді және төменгі жағына жақын «Қолшам» және «Камера» белгішелерін көрсетіп тұрған iPhone құлыптау экраны.](https://help.apple.com/assets/67104C956810595555038D9A/67104C9D2EEB5C79B1030278/kk_KZ/f80b1e5e3be8eae21ccf73bf3bb0cd22.png)
Мүмкіндіктер мен ақпаратқа Құлыптау экранынан қол жеткізу
iPhone құрылғысы құлыптаулы кезде де пайдалы мүмкіндіктер мен ақпаратқа Құлыптау экранынан жылдам қол жеткізе аласыз.
Құлыптау экранына өтіңіз, одан кейін келесі әрекеттердің кез келгенін орындаңыз:
«Камера» қолданбасын ашу: Солға сырғытыңыз. Қолдау көрсетілген үлгілерде
түймесін басып тұруыңызға, одан кейін саусағыңызды көтеруіңізге болады. (iPhone құрылғысының камера негіздері бөлімін қараңыз.)
Басқару орталығын ашу: Жоғарғы оң жақ бұрыштан төменге қарай сырғытыңыз (Face ID функциясы бар iPhone құрылғысында) немесе экранның төменгі шетінен жоғарыға қарай сырғытыңыз (басқа iPhone үлгілерінде). (iPhone құрылғысында Басқару орталығын пайдалану және теңшеу бөлімін қараңыз.)
Бұрынғы хабарландыруларды қарау: Ортадан жоғарыға қарай сырғытыңыз. (iPhone құрылғысында хабарландыруларды қарау және оларға жауап беру бөлімін қараңыз.)
Көбірек виджеттерді қарау: Оңға сырғытыңыз. (iPhone құрылғысында виджеттерді қосу, өңдеу және жою бөлімін қараңыз.) Тапсырмалар орындау үшін Құлыптау экранындағы және басты экрандағы виджеттермен әрекеттесе аласыз—мысалы, белгілеу үшін «Еске салғыш» виджетіндегі элементті түртіңіз немесе эпизодты ойнату үшін «Подкасттар» виджетіндегі «Ойнату» түймесін түртіңіз.
Медиафайлдардың ойнатылуын басқару: iPhone құрылғыңызда ойнатылып жатқан медиафайлды ойнату, кідірту, кері айналдыру немесе алға жылжыту үшін Құлыптау экранындағы ойнатуды басқару элементтерін (Қазір ойнатылуда) пайдаланыңыз. (Құлыптау экранында Нақты уақыттағы әрекеттерді қарау және басқару бөлімін қараңыз.)
Құлыптау экранынан қол жеткізе алатын нәрселеріңізді таңдау үшін iPhone құрылғысында Құлыптау экранының мүмкіндіктерін қосу бөлімін қараңыз.
Хабарландырулардың алдын ала қарау көріністерін Құлыптау экранында көрсету
«Реттеулер»
> «Хабарландырулар» тармағына өтіңіз.
«Алдын ала көріністер» тармағына өтіңіз, одан кейін «Әрдайым» түймесін түртіңіз.
Құлыптау экранында хабарландырулардың көрсетілу жолын таңдау:
Тек хабарландырулар санын қарау: «Саны» түймесін түртіңіз.
Қолданба бойынша жинақтарға топтастырылған хабарландыруларды қарау: «Десте» түймесін түртіңіз.
Хабарландыруларды тізімде қарау: «Тізім» түймесін түртіңіз.
Орналасуды өзгерту үшін Құлыптау экранында хабарландыруларды түйістіруіңізге болады.
Хабарландырудың алдын ала қарау көріністері «Хабарлар» қолданбасынан мәтінді, «Пошта» хабарларынан жолдарды және «Күнтізбе» шақырулары туралы мәліметтерді қамтуы мүмкін. iPhone құрылғысында хабарландыруларды қарау және оларға жауап беру бөлімін қараңыз.
Құлыптау экранында Нақты уақыттағы әрекеттерді қарау және басқару
Құлыптау экранында Нақты уақыттағы әрекеттерді—соның ішінде тікелей эфирдегі спорт жаңалықтарын, тапсырыс жаңартуларын, ойнатылып жатқан медиафайлды—қарай аласыз, осылайша сіз бүкіл шараны қарай алмасаңыз да, Құлыптау экранында тікелей бақылай аласыз.
iPhone құрылғыңызда музыканы, фильмді немесе басқа медиафайлды ойнатқанда, ойнату, кідірту, кері айналдыру және алға айналдыру үшін Құлыптау экранындағы ойнатуды басқару элементтерін (Қазір ойнатылуда) пайдалануыңызға болады.
Сондай-ақ, iPhone құлыптау экранынан қашықтағы құрылғыда (Apple TV немесе HomePod сияқты) медиафайлдардың ойнатылуын басқаруыңызға болады.
![Альбом мұқабасын және оның төменінде қашықтағы құрылғыда музыка ойнату үшін басқару элементтерін көрсетіп тұрған Құлыптау экраны.](https://help.apple.com/assets/67104C956810595555038D9A/67104C9D2EEB5C79B1030278/kk_KZ/52ad4e741213c2423fcae691fc252e8f.png)