iPhone құрылғысын сыртқы пернетақтамен басқару
iPhone құрылғысымен Magic Keyboard немесе басқа физикалық пернетақтаны пайдалансаңыз, құрылғыңызды сенсорлы экранның орнына пернелер тіркесімдерімен басқару үшін «Толық пернетақта қолжетімділігі» мүмкіндігін пайдалануыңызға болады. «Толық пернетақта қолжетімділігі» экрандағы фокусы бар элементті бөлектейді.
iPhone құрылғысын «Толық пернетақта қолжетімділігі» мүмкіндігін пайдаланып басқару
«Реттеулер» > «Әмбебап қол жеткізу» > «Пернетақталар» тармағына өтіңіз, «Толық пернетақта қолжетімділігі» түймесін түртіңіз, одан кейін «Толық пернетақта қолжетімділігі» реттеуін қосыңыз.
iPhone құрылғысын келесі әдепкі пәрмендерді пайдаланып шарлаңыз.
Әрекет
Пернелер тіркесімі
Қолжетімді «Толық пернетақта қолжетімділігі» пәрмендерін қарау
Tab-H
Алға жылжу
Tab
Артқа жылжу
Shift-Tab
Таңдалған элементті белсендіру
Бос орын
Басты экранға өту
Fn-H
«Қолданбалар ауыстырғышы» ашу
Fn-Жоғары көрсеткі
Басқару орталығын ашу
Fn-C
Хабарландыру орталығын ашу
Fn-N
«Толық пернетақта қолжетімділігі» мүмкіндігін теңшеу
«Толық пернетақта қолжетімділігі» мүмкіндігімен байланысқан пернелер тіркесімдерін өзгертуіңізге және «Толық пернетақта қолжетімділігі» көрінісін (түс, контраст және ерекшелік өлшемі сияқты) теңшеуіңізге болады.
«Реттеулер» > «Әмбебап қол жеткізу» > «Пернетақталар» тармағына өтіңіз, одан кейін «Толық пернетақта қолжетімділігі» түймесін түртіңіз.
Мына әрекеттердің кез келгенін орындаңыз:
«Толық пернетақта қолжетімділігі» пәрмендерінің толық тізімін қарау және оларды теңшеу: «Пәрмендер» түймесін түртіңіз.
Толық пернетақта қолжетімділігі көрінісін өзгерту: «Көрініс» астындағы опцияны түртіңіз.