iPhone құрылғыңызда жерсерік арқылы жолда көмек алу
Қолдау көрсетілген үлгілерде ұялы байланыс және Wi-Fi ауқымынан тыс кезде жерсерік арқылы жолда көмек сұрауыңызға болады.
iPhone құрылғыңызда жерсерік арқылы жолда көмек алу
iPhone құрылғыңызда «Хабарлар» қолданбасын
ашыңыз.
Экранның жоғарғы жағындағы
түймесін түртіңіз, одан кейін мекенжай өрісіне «Жолдағы» деп теріңіз.
«Жолдағы техникалық көмек» түймесін түртіңіз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Маңызды: Жерсерікке қосылуыңызға көмектесу үшін телефоныңызды қолыңызда қалыпты түрде ұстаңыз—қолыңызды немесе телефоныңызды жоғары көтерудің қажеті жоқ, бірақ телефоныңызда аспанға тіке ашық жол бар екенін тексеріңіз. Егер сіз қалың жапырақтардың астында болсаңыз немесе басқа кедергілермен қоршалған болсаңыз, жерсерікке қосыла алмауыңыз мүмкін.
Қосылғаннан кейін сізден көлігіңіздің үлгісі және сізде туындаған мәселе сияқты маңызды ақпарат сұралады.
Сұрақтарға жауап бергеннен кейін сізге жерсерікке қосылу және жол бойында көмек көрсету провайдеріне тікелей хабарлар жіберу нұсқауы беріледі. Олар сізге көмектің дұрыс түрін жіберіп жатқанына көз жеткізу үшін қосымша сұрақтар қоюы мүмкін. Сіз оларға біреу келгенге дейінгі болжамды уақыт және қызметке қатысты кез келген ақы туралы кез келген сұрақтарыңызды жібере аласыз.
«Жерсерік арқылы жолда көмек алу» барлық елдерде емесе аймақтарда қолжетімді бола бермейді. Қосымша ақпарат алу үшін iPhone құрылғыңызда жерсерік арқылы жолда көмек алу атты Apple қолдау көрсету қызметінің мақаласын қараңыз.
