iOS 18
iPhone құрылғысында веб-сайт немесе қолданба құпиясөзін табу
iPhone құрылғысында аккаунттарыңызды іздеу немесе сұрыптау арқылы веб-сайт немесе қолданба құпиясөзін табуыңызға болады.
Веб-сайт немесе қолданба құпиясөзін аккаунтты іздеу арқылы табу
iPhone құрылғыңызда «Құпиясөздер» қолданбасына
өтіңіз.
Экранның жоғарғы жағындағы іздеу өрісіне аккаунт атын енгізіңіз.
Аккаунтты түртіңіз, одан кейін «Құпиясөз» өрісін түртіңіз.
Аккаунттарыңызды сұрыптау арқылы веб-сайт немесе қолданба құпиясөзін табу
iPhone құрылғыңызда «Құпиясөздер» қолданбасына
өтіңіз.
«Барлығы» түймесін түртіңіз.
Төменгі сол жақ бұрыштағы
түймесін түртіңіз, одан кейін аккаунттарыңызды сұрыптау жолын түртіңіз.
Аккаунтты тауып, түртіңіз, одан кейін «Құпиясөз» өрісін түртіңіз.
Келесіні де көріңізiPhone құрылғысында құпиясөздерді пайдалану