iPhone құрылғысында скриншот түсіру
iPhone экраныңызда пайда болған нәрсені суретке түсіріп алыңыз, осылайша оны кейінірек көре аласыз, басқалармен бөлісе аласыз немесе құжаттарға тіркей аласыз.
Face ID функциясы бар iPhone құрылғысымен скриншот түсіру
Бүйірлік түйме мен дыбыс деңгейі түймесін бір уақытта жылдам басып, босатыңыз.
Скриншоттың миниатюрасы экраныңыздың төменгі сол жақ бұрышында уақытша пайда болады.
Скриншотты қарау үшін миниатюраны түртіңіз немесе оны өткізу үшін солға сырғытыңыз.
Скриншоттар «Фотолар» қолданбасындағы фото жинағыңызға автоматты түрде сақталады. Скрипшоттарыңыздың барлығын бір орында көру үшін «Фотолар» қолданбасын ашыңыз, «Медиафайл түрлері» параметріне төмен жылжыңыз, «Медиафайл түрлері» түймесін түртіңіз, одан кейін «Скриншоттар» түймесін түртіңіз.
Touch ID функциясы бар iPhone құрылғысымен скриншот түсіру
Бүйірлік түйме мен «Басты бет» түймесін бір уақытта жылдам басып, босатыңыз.
Скриншоттың миниатюрасы экраныңыздың төменгі сол жақ бұрышында уақытша пайда болады.
Скриншотты қарау үшін миниатюраны түртіңіз немесе оны өткізу үшін солға сырғытыңыз.
Скриншоттар «Фотолар» қолданбасындағы фото жинағыңызға автоматты түрде сақталады. Скрипшоттарыңыздың барлығын бір орында көру үшін «Фотолар» қолданбасын ашыңыз, «Медиафайл түрлері» параметріне төмен жылжыңыз, «Медиафайл түрлері» түймесін түртіңіз, одан кейін «Скриншоттар» түймесін түртіңіз.
Толық бет скриншотын түсіру
Safari қолданбасындағы бүкіл веб-бет сияқты iPhone экранының ұзындығынан асатын контенттің скриншотын жасауыңызға болады.
Келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:
Face ID функциясы бар iPhone құрылғысында: Бүйірлік түйме мен дыбыс деңгейі түймесін бір уақытта жылдам басып, босатыңыз.
«Басты бет» түймесі бар iPhone құрылғысында: Бүйірлік түйме мен «Басты бет» түймесін бір уақытта жылдам басып, босатыңыз.
Экранның төменгі сол жақ бұрышындағы скриншот миниатюрасын түртіңіз.
«Толық бет» түймесін түртіңіз, «Дайын» түймесін түртіңіз, одан кейін келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:
Скриншотты «Фотолар» жинағыңызға сақтау үшін «Фотоларға сақтау» түймесін түртіңіз.
«PDF файлын Файлдарға сақтау» түймесін түртіңіз, орынды таңдаңыз, одан кейін скриншотты «Файлдар» қолданбасына сақтау үшін «Сақтау» түймесін түртіңіз.