Бұл басқару элементін өзгерту бұл бетті автоматты түрде жаңартады
iPhone құрылғысында экран суретін түсіру
Басқалармен бөлісу немесе құжаттарда пайдалану үшін экранның суретін сол қалпында түсіруіңізге болады.
Скриншот түсіру
Келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:
iPhone X және одан кейінгі: Бүйірлік түйме мен дыбыс деңгейін көтеру түймесін бірге басып, одан кейін босатыңыз.
Басқа үлгілер: Home түймесі мен бүйірлік түймені немесе Sleep/Wake түймесін (үлгіге байланысты) бірге басыңыз, одан кейін жіберіңіз.
Төменгі сол жақ бұрыштағы скриншотты түртіңіз, одан кейін Done түймесін түртіңіз.
Save to Photos немесе Delete Screenshot параметрін таңдаңыз.
Скриншотты сақтасаңыз, оны Photos қолданбасының Screenshots альбомынан немесе Settings
> Photos тармағында iCloud Photos параметрі қосылған болса, All Photos альбомынан қарай аласыз.