iPhone құрылғысында денсаулық және фитнес деректерін жинау
Health қолданбасы қадамдарыңызды және жаяу жүру мен жүгіру қашықтықтарыңызды автоматты түрде санайды. Қосымша денсаулық және фитнес деректеріңізді жинау үшін Health қолданбасымен үйлесімді басқа қолданбаларды (тамақ және фитнес қолданбалары сияқты) және құрылғыларды (қан қысымы мониторлары, салмақ шкалалары және глюкоза мониторлары сияқты) пайдалануыңызға болады.
Үшінші тарап қолданбаларын орнату
Health Data түймесін түртіңіз, санатты түртіңіз (Activity сияқты), одан кейін Recommended Apps параметріне жылжыңыз.
Ұсынылған қолданбаны App Store дүкенінен жүктеп алу үшін оны түртіңіз.
Қолданбаны орнатып, реттегеннен кейін Health қолданбасымен деректерді бөлісуді таңдауыңызға болады.
Ұйқы журналыңызды қарау
Clock қолданбасында немесе үшінші тарап қолданбасында Bedtime функциясын орнатсаңыз, Health ұйқы журналыңызды көрсетеді.
Health қолданбасында ұйқы журналыңызды қарау үшін Health Data түймесін, одан кейін Sleep түймесін түртіңіз.
Деректерді Apple Watch құрылғысынан жинау
Apple Watch құрылғысын iPhone құрылғыңызбен жұптағаннан кейін деректер Apple Watch құрылғысынан Health қолданбасына автоматты түрде жіберіледі.
Қозғалыс, жаттығу және тұру деректеріңіз бен мақсаттарыңызды қарау: Health Data түймесін, одан кейін Activity түймесін түртіңіз.
Жүрек соғысының деректерін қарау: Health Data түймесін, одан кейін Heart түймесін түртіңіз.
Деректерді басқа құрылғыдан жинау
Құрылғыңыздың орнату нұсқауларын орындаңыз.
Егер ол Bluetooth құрылғысы болса, оны iPhone құрылғысымен жұптауыңыз керек. Bluetooth құрылғыларын iPhone құрылғысына қосу бөлімін қараңыз.
Деректер түрін қарау және басқару
Health Data түймесін түртіңіз, одан кейін деректер түрін түртіңіз. Мысалы, Activity түймесін, одан кейін Steps түймесін түртіңіз.
Уақыт өте прогрессіңізді қараңыз: D (күн), W (апта), M (ай) немесе Y (жыл) қойындысын түртіңіз.
Деректер түрін Today экранының жоғарғы жағына жылжытыңыз: Add to Favorites параметрін қосыңыз.
Деректерді қолмен енгізу: Экранның жоғарғы оң жақ бұрышындағы
түймесін түртіңіз.
Деректерді жою: Show All Data түймесін түртіңіз, деректер жазбасында солға сипаңыз, одан кейін Delete түймесін түртіңіз. Барлық деректерді жою үшін Edit түймесін, одан кейін Delete All түймесін түртіңіз.
Деректерді бөлісуге рұқсат еткен қолданбалар мен құрылғыларды қараңыз: Data Sources & Access түймесін түртіңіз.
Деректер түрін іздеу
Health Data түймесін түртіңіз, одан кейін іздеу өрісін шығару үшін төмен сипаңыз.