iPhone құрылғысын Wi-Fi хотспоты ретінде пайдалану
Instant Hotspot параметрін пайдалану
Instant Hotspot мүмкіндігін iCloud қызметіне бірдей Apple ID идентификаторымен кірген басқа iOS құрылғыларыңыз (iOS 8 немесе одан кейінгі) бен Mac компьютерлеріңізге (OS X 10.10 немесе одан кейінгі) Интернетке қатынасты қамтамасыз ету үшін пайдалануыңызға болады. Instant Hotspot мүмкіндігі iPhone Personal Hotspot мүмкіндігін құпия сөзді енгізбестен немесе Personal Hotspot параметрін қоспастан пайдаланады.
Settings
тармағына өтіңіз, одан кейін басқа iOS құрылғыңызда Wi-Fi түймесін түртіңіз.
Personal Hotspots астында iPhone желіңізді таңдаңыз.
Mac компьютеріңізде System Preferences > Network тармағына өтіңіз, одан кейін iPhone желіңізді Wi-Fi параметрлеріңізден таңдаңыз.
Хотспотты пайдаланбаған кезде батарея қызмет мерзімін үнемдеу үшін құрылғыларыңыз ажыратылады. Қосымша ақпарат алу үшін iPhone құрылғыңыздың Интернет қосылымын бөлісу бөлімін қараңыз.
Ескертпе: Бұл мүмкіндік барлық байланыс операторларымен қолжетімді болмауы мүмкін. Қосымша ақылар алынуы мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін байланыс операторыңызға хабарласыңыз.
Dual SIM технологиясы бар үлгілерде Instant Hotspot режимі ұялы деректер үшін таңдалған желіні пайдаланады.