iPhone құрылғысында қолданбаларды жылжыту және ұйымдастыру
Қолданбаларды Home экранында қайта реттеңіз, оларды қалталарға ұйымдастырыңыз және оларды басқа беттерге (немесе экрандарға) жылжытыңыз. Сондай-ақ, беттеріңізді қайта реттеуге болады.
Қолданбаларды Home экранында Dock тақтасына немесе басқа беттерге жылжыту
Экранда қолданбаны жайлап түртіп, қолданба белгішелері дірілдегенше ұстап тұрыңыз. Қолданбалар дірілдемесе, қатты басып тұрмағаныңызды тексеріңіз.
Қолданбаны келесі орындардың біріне сүйреңіз:
Бірдей беттегі басқа орын
Экранның төменгі жағындағы Dock тақтасы
Басқа бет—қолданбаны экранның оң жақ шетіне сүйреңіз. Жаңа бет пайда болуы үшін бір секунд күтуіңіз керек болуы мүмкін. Dock панелінің үстіндегі нүктелер қанша бет бар екенін және қарап отырған экраныңызды көрсетеді.
Done түймесін түртіңіз (iPhone X және одан кейінгі) немесе Home түймесін басыңыз (басқа үлгілер).
Қалталар жасау және қолданбаларды ұйымдастыру
Қолданбаларыңызды Home экранында оңай табуыңызға көмектесу үшін оларды қалталарға топтауыңызға болады.
Экранда қолданбаны жайлап түртіп, қолданба белгішелері дірілдегенше ұстап тұрыңыз. Қолданбалар дірілдемесе, қатты басып тұрмағаныңызды тексеріңіз.
Қалта жасау үшін бір қолданбаны басқасына сүйреңіз.
Басқа қолданбаларды қалтаға сүйреңіз.
Бір қалтада қолданбалардың бірнеше беттері болуы мүмкін.
Қалта атауын өзгерту үшін атау өрісін түртіңіз, одан кейін жаңа атауды енгізіңіз.
Done түймесін түртіңіз (iPhone X және одан кейінгі) немесе Home түймесін басыңыз (басқа үлгілер).
Қалтаны жою үшін барлық қолданбаларды қалтадан сыртқа сүйреңіз. Қалта автоматты түрде жойылады.
Home экраны мен қолданбаларды олардың бастапқы орналасуына қайта орнату
Settings
> General > Reset тармағына өтіңіз.
Reset Home Screen Layout түймесін түртіңіз. Жасаған барлық қалталарыңыз жойылады және жүктеп алынған қолданбалар iPhone құрылғысымен келген қолданбалардан кейін автоматты түрде реттеледі.