iPhone құрылғысындағы Wallet қолданбасында рұқсатнамалар қосу және басқару
Wallet қолданбасын оңай кіру мақсатында отырғызу рұқсатнамаларын, кино және шара билеттерін, купондарды, марапат карталарын, студенттік ID карталарын және т.б. бір жерде сақтау үшін пайдаланыңыз. Рұқсатнамалар кофе картаңыздағы баланс, купоныңыздың жарамдылық мерзімінің біту күні немесе концерт үшін орныңыздың нөмірі сияқты пайдалы ақпаратты қамтуы мүмкін.

Рұқсатнама қосу
Билет сатып алу сияқты әрекетті орындағаныңыздан кейін рұқсатнаманы қолданба ішіне қосуыңыз сұралуы мүмкін. Не болмаса, Add to Apple Wallet түймесін оны келесілерден көрген кезіңізде түртуіңізге болады:
Wallet қосылған қолданбалар
Mail немесе Messages
Safari сияқты веб-шолғыш
AirDrop арқылы бөлісу
Қолдау көрсетілген сатушыда Apple Pay қызметін пайдаланғаныңыздан кейін Wallet хабарландыруы
QR коды немесе штрих-код
Кодты сканерлеу үшін Camera қолданбасын
ашыңыз, одан кейін iPhone құрылғысын код экранда болатындай етіп орналастырыңыз.
Рұқсатнамаларыңызды қайта реттеу
Wallet жинағында жылжытқыңыз келетін рұқсатнаманы басып тұрыңыз.
Рұқсатнаманы жинақтағы жаңа орынға сүйреңіз.
Рұқсатнама реті iCloud қызметіне бірдей Apple ID идентификаторымен кірген барлық құрылғыларыңыздан жаңартылады.
Рұқсатнаманың ақпаратын қарау және оның параметрлерін өзгерту
Рұқсатнаманы, одан кейін
түймесін түртіңіз.
Келесі параметрлердің кез келгенін таңдаңыз (барлық параметрлер барлық рұқсатнамаларда қолжетімді бола бермейді):
Automatic Updates: Рұқсатнаманың шығарушыдан жаңартулар алуына рұқсат етеді.
Suggest on Lock Screen: Уақыт немесе орын негізінде рұқсатнаманы көрсетеді.
Орынға қатынауға рұқсат ету үшін Settings
> Privacy > Location Services > Wallet тармағына өтіңіз, одан кейін While Using the App түймесін түртіңіз.
Automatic Selection: Сұралған жерде рұқсатнаманы таңдайды.
Share Pass: Рұқсатнаманы досқа Mail немесе Messages қолданбасын пайдаланып жібереді.
Remove pass: Рұқсатнаманы iCloud қызметіне бірдей Apple ID идентификаторымен кірген барлық құрылғыларыңыздан жояды.
Қатысты қолданба, пайдалану мәліметтері және шарттар мен талаптар сияқты басқа ақпаратты қарау үшін төмен жылжыңыз.
Барлық рұқсатнамаларыңыз үшін параметрлерді өзгерту
Рұқсатнамаларыңызды барлық iOS құрылғыларыңызда жаңа күйде сақтау: Settings
тармағына өтіңіз, одан кейін iCloud қызметіне барлық құрылғыларда бірдей Apple ID идентификаторымен кіріңіз.
Ескертпе: Бұл параметр тек Apple Pay қызметімен пайдаланатын карталарға емес, тек Wallet қолданбасындағы рұқсатнамаларға қолданылады.
Хабарландыру параметрлерін орнату: Settings > Notifications > Wallet тармағына өтіңіз.
Рұқсатнамалардың Lock экранында пайда болуына жол бермеу: Settings > Wallet & Apple Pay тармағына өтіңіз, одан кейін Double-Click Side Button (iPhone X және одан кейінгі) немесе Double-Click Home Button (басқа үлгілер) параметрін өшіріңіз.