iPhone құрылғысында сатып алуларды жанұя мүшелерімен бөлісу
Family Sharing мүмкіндігімен алты жанұя мүшесіне дейін iTunes Store, App Store, және Apple Books сатып алуларын, Apple Music жанұя мүшелігін және iCloud сақтау жоспарын бөлісе алады. (Family Sharing атты Apple Support мақаласын қараңыз.)
Жанұяңыз iTunes Store, App Store және Apple Books сатып алуларын бөліскенде, барлық элементтер үшін жанұя ұйымдастырушысының Apple ID тіркелгісіне тікелей шот жіберіледі. Сатып алғаннан кейін, элемент бастайтын жанұя мүшесінің тіркелгісіне қосылады және жанұяның қалғанымен бөлісіледі.
Ортақ сатып алуларға iTunes Store қызметінен қатынау
iTunes Store қолданбасын
ашыңыз, More түймесін түртіңіз, одан кейін Purchased түймесін түртіңіз.
Жанұя мүшесін таңдаңыз.
Санатты түртіңіз (мысалы, Music немесе Movies), сатып алынған элементті түртіңіз, одан кейін оны жүктеп алу үшін
түймесін түртіңіз.
Ортақ сатып алуларға App Store қызметінен қатынау
App Store қолданбасын
ашыңыз.
Жоғарғы оң жақтағы
түймесін немесе профайлыңыздың суретін түртіңіз.
Purchased түймесін түртіңіз, жанұя мүшесін таңдаңыз, одан кейін сатып алынған элементті жүктеп алу үшін оның жанындағы
түймесін түртіңіз.
Ортақ сатып алуларға Apple Books қолданбасынан қатынау
Books қолданбасын
ашыңыз.
Жоғарғы оң жақтағы
түймесін немесе профайлыңыздың суретін түртіңіз.
Жанұя мүшесін таңдаңыз, одан кейін санатты түртіңіз (мысалы, Books немесе Audiobooks).
All Books, Recent Books немесе Genre түймесін түртіңіз, одан кейін сатып алынған элементті жүктеп алу үшін оның жанындағы
түймесін түртіңіз.
Ортақ iCloud сақтау жоспарын пайдалану
Family Sharing көмегімен жанұяңыз 200 ГБ немесе 2 ТБ iCloud жадын бөлісе алады.
Settings
> [your name] > Family Sharing тармағына өтіңіз.
iCloud Storage түймесін түртіңіз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Көбірек орын қажет болса, сатып алуыңызға немесе жеке сақтау жоспарыңызды пайдалануыңызға да болады. iCloud жадыңызды жаңарту үшін Көбірек iCloud жадын сатып алу атты Apple Support мақаласын қараңыз.