iPhone құрылғысында жанұя мүшелерінің сатып алуларын жүктеп алу
Family Sharing функциясын орнатқан кезіңізде, сіз және бес жанұя мүшесі iTunes Store, App Store, Apple Books және Apple TV сатып алуларын бөлісе алады.
Жанұяңыз App Store, музыка, фильм, теледидар және кітап сатып алуларын бөліскенде, барлық элементтер үшін жанұя ұйымдастырушысының Apple ID тіркелгісіне тікелей шот жіберіледі. Ересек және жасөспірім жанұя мүшелері өздері үшін сатып алуды бөлісуді өшіре алады. Жанұя ұйымдастырушысы жанұя тобындағы балалардың сатып алулар немесе тегін жүктеп алулар үшін растау сұрауын талап ете де алады. iPhone құрылғысында Family Sharing арқылы ата-аналық бақылауларды орнату бөлімін қараңыз.
Сатып алғаннан кейін, элемент бастайтын жанұя мүшесінің тіркелгісіне қосылады және тиісті сатып алулар жанұяның қалғанымен бөлісіледі.
iTunes Store қызметінен ортақ сатып алуларды жүктеп алу
iTunes Store қолданбасын
ашыңыз, More түймесін түртіңіз, одан кейін Purchased түймесін түртіңіз.
Жанұя мүшесін таңдаңыз.
Санатты түртіңіз (мысалы, Music), сатып алынған элементті түртіңіз, одан кейін
түймесін түртіңіз.
iPhone құрылғысында iTunes Store сатып алуларыңыз бен параметрлеріңізді басқару бөлімін қараңыз.
App Store қызметінен ортақ сатып алуларды жүктеп алу
App Store қолданбасын
ашыңыз.
Жоғарғы оң жақтағы
түймесін немесе профайлыңыздың суретін түртіңіз.
Purchased түймесін түртіңіз, жанұя мүшесін таңдаңыз, одан кейін
түймесін түртіңіз.
iPhone құрылғысында App Store сатып алуларын, жазылымдарды, параметрлер мен шектеулерді басқару бөлімін қараңыз.
Apple Books қолданбасынан ортақ сатып алуларды жүктеп алу
Books қолданбасын
ашыңыз.
Жоғарғы оң жақтағы
түймесін немесе профайлыңыздың суретін түртіңіз.
Family Purchases астындағы жанұя мүшесінің атын түртіңіз, одан кейін санатты түртіңіз (мысалы, Books немесе Audiobooks).
All, Recent Purchases түймесін немесе жанрды түртіңіз, одан кейін сатып алынған элементті жүктеп алу үшін оның жанындағы
түймесін түртіңіз.
iPhone құрылғысындағы Apple Books қолданбасында кітаптар мен аудиокітаптарды сатып алу бөлімін де қараңыз.
Ортақ сатып алуларды Apple TV қолданбасынан жүктеп алу
Apple TV қолданбасын
ашыңыз.
Library түймесін түртіңіз, Family Sharing түймесін түртіңіз, одан кейін жанұя мүшесін таңдаңыз.
Санатты (мысалы, TV Shows немесе Movies) немесе жанрды түртіңіз, сатып алынған элементті түртіңіз, одан кейін оны жүктеп алу үшін
түймесін түртіңіз.
iPhone құрылғысындағы Apple TV қолданбасында кітапханаңызды басқару бөлімін де қараңыз.
Нақты элементті жанұя мүшелерімен бөліскіңіз келмесе, Музыканы, фильмдерді, телешоуларды, аудиокітаптар мен кітаптарды жасыру және жасырмау атты Apple Support мақаласын қараңыз.
Сондай-ақ, Apple және App Store жазылымдарын жанұя мүшелерімен бөлісуіңізге болады.