PDF файлдарын iPhone құрылғысындағы Books қолданбасында оқу
Books қолданбасында Mail, Messages және басқа қолданбаларда алған PDF құжаттарыңызды ашуыңызға және сақтауыңызға болады.
PDF файлдарын Books қолданбасында ашу
PDF тіркемесін ашу үшін оны түртіңіз, түртіңіз, одан кейін Books түймесін түртіңіз.
PDF құжатын бөлісу немесе басып шығару
PDF құжатын ашыңыз, түймесін түртіңіз, одан кейін AirDrop, Mail немесе Messages сияқты бөлісу параметрін таңдаңыз немесе Print түймесін түртіңіз.
AirPrint туралы атты Apple Support мақаласын қараңыз.
PDF файлын белгілеу
PDF файлын ашыңыз және сурет салу мен түсіндірме қосу құралдарын пайдалану үшін түймесін түртіңіз (
түймесін көрмесеңіз, беттің ортасына жақын жерді түртіңіз).
iPhone құрылғысында Markup құралдар тақтасымен қолданбаларда сурет салу бөлімін қараңыз.
PDF файлдарын құрылғыларда қарау
Book Store дүкенінен алынбаған PDF файлдары мен кітаптарды бірдей Apple ID идентификаторымен кірген iPhone, iPad, iPod touch құрылғыларыңызда және Mac компьютеріңізде көре аласыз.
Settings > [your name] > iCloud тармағына өтіңіз, iCloud Drive параметрін, одан кейін Books параметрін қосыңыз. Одан кейін Settings > Books тармағына өтіңіз және iCloud Drive параметрін қосыңыз.