iPhone құрылғысындағы пошта жәшіктерінде электрондық пошта хабарларын ұйымдастыру
Mail қолданбасында пошта жәшіктеріндегі электрондық пошта хабарыңызды басқара аласыз.
Электрондық пошта хабарын бір сипаумен басқару
Электрондық пошта хабарларының тізімін қарау кезінде жеке электрондық пошта хабарларын Trash қалтасына жылжыту, оларды оқылған ретінде белгілеу және т.б. әрекеттерді орындау үшін қарапайым сипауды пайдалануыңызға болады. Келесі әрекеттердің кез келгенін орындаңыз:
Әрекеттер тізімін көрсету үшін электрондық пошта хабарын мәзір пайда болғанша солға жайлап сүйреңіз, одан кейін элементті түртіңіз.
Оң жақ шеткі әрекетті жылдам пайдалану үшін солға қарай толығымен сипаңыз.
Басқа бір әрекетті көрсету үшін оңға сипаңыз.
Мәзірлерде пайда болғанын қалайтын әрекеттерді таңдау үшін Settings > Mail > Swipe Options тармағына (Message List параметрінің төменгі жағында) өтіңіз.
Поштаны пошта жәшіктерімен реттеу
Қарайтын пошта жәшіктеріңізді таңдауыңызға, пошта жәшіктеріңізді қайта реттеуіңізге, жаңаларын жасауыңызға немесе пошта жәшіктерінің атауларын өзгертуіңізге немесе оларды жоюыңызға болады. (Кейбір пошта жәшіктері өзгертілмейді.)
Пошта жәшіктеріңізді ұйымдастыру үшін жоғарғы сол жақ бұрыштағы түймесін түртіңіз, Edit түймесін түртіңіз, одан кейін келесі әрекеттердің кез келгенін орындаңыз:
Пошта жәшіктерін қарау: Пошта жәшіктері тізіміне қосқыңыз келетін пошта жәшіктерінің жанына құсбелгілер қойыңыз.
Пошта жәшіктерін қайта реттеу: Пошта жәшігінің жанындағы
түймесін ол көтерілгенше басып тұрыңыз, одан кейін оны жаңа орынға сүйреңіз.
Жаңа пошта жәшігін жасау: Төменгі оң жақ бұрыштағы New Mailbox түймесін түртіңіз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Пошта жәшігінің атауын өзгерту: Пошта жәшігін түртіңіз, одан кейін атауды түртіңіз. Атауды жойыңыз, одан кейін жаңа атауды енгізіңіз.
Пошта жәшігін жою: Пошта жәшігін түртіңіз, одан кейін Delete Mailbox түймесін түртіңіз.
Бірнеше электрондық пошта хабарларын жылжыту немесе белгілеу
Электрондық пошта хабарлары тізімін қарап тұрғанда Edit түймесін түртіңіз.
Жылжытқыңыз немесе белгілегіңіз келетін электрондық пошта хабарларын олардың құсбелгілерін түрту арқылы таңдаңыз.
Кеңес: Бірнеше электрондық пошта хабарларын жылдам таңдау үшін құсбелгілер арқылы төмен қарай сипаңыз.
Экранның төменгі жағындағы Mark, Move немесе Trash түймесін түртіңіз.
Электронық пошта хабарларын бір уақытта бір тіркелгіден қарау
Mail қолданбасымен бірнеше электрондық пошта тіркелгілерін пайдалансаңыз, электрондық пошта хабарларын бір уақытта бір тіркелгіден қарау үшін пошта жәшіктері тізімін пайдалануыңызға болады.
Жоғарғы сол жақ бұрыштағы түймесін түртіңіз, одан кейін ашқыңыз келетін электрондық пошта тіркелгісінің төменгі жағындағы пошта жәшігін түртіңіз.
Нақты электрондық пошта тіркелгісінің төменгі жағында берілген әрбір пошта жәшігі тек сол электрондық пошта тіркелгісінен электрондық пошта хабарларын көрсетеді. Мысалы, тек iCloud тіркелгіңізден жіберілген электрондық пошта хабарларын қарау үшін iCloud түймесін, одан кейін Sent түймесін түртіңіз.
Электрондық пошта хабарын қалаусыз пошта жәшігіне жылжыту
Электрондық пошта хабарын Junk қалтасына жылжыту үшін оны ашыңыз, түймесін түртіңіз, одан кейін Move to Junk түймесін түртіңіз.