iPhone құрылғысында музыканы алу
iPhone құрылғысында сақталған музыканы, сонымен қатар интернетте ағынмен жіберілген музыканы тыңдау үшін Music қолданбасын пайдаланыңыз. Қосымша Apple Music жазылымымен миллиондаған әндерді жарнамасыз тыңдауыңызға, жоғалусыз қысымын пайдаланып кодталған файлдарды ағынмен жіберуіңізге және жүктеп алуыңызға, мыңдаған Dolby Atmos тректерін тыңдауыңызға және достарыңызбен бірге музыканы табуыңызға болады. Apple Music Voice жазылымымен Apple Music каталогында кез келген әнді, альбомды, ойнату тізімін немесе радио станцияны ағынмен жіберу үшін Siri көмекшісін пайдалануыңызға болады.
ЕСКЕРТУ: Есту қабілетінен айырылуды болдырмау туралы маңызды ақпарат алу үшін iPhone құрылғысының маңызды қауіпсіздік ақпараты бөлімін қараңыз.
Музыканы iPhone құрылғысында келесі жолдармен ойнатыңыз:
Apple Music жазылушысы болу: Жазылыммен және Wi-Fi желісімен немесе ұялы қосылыммен музыканы Apple Music каталогынан және музыка кітапханаңыздан қажетінше ағынмен жіберіңіз. Әндерді, альбомдар мен ойнату тізімдерін жүктеп алуыңызға және музыканы достармен бөлісуіңізге болады. iPhone құрылғысындағы Apple Music қызметіне жазылу бөлімін қараңыз.
Apple Music Voice жазылушысы болу: Жазылыммен және Wi-Fi желісімен немесе ұялы қосылыммен музыканы Apple Music каталогынан қажетінше ағынмен жіберіңіз және музыка кітапханаңызға қосқан сатып алынған музыканы ойнатыңыз. Музыканы Apple Music Voice арқылы тыңдау бөлімін қараңыз.
Family Sharing мүшелігіне қатысу: Apple Music жанұя жазылымын сатып алыңыз, сонда Family Sharing тобындағы барлық адам Apple Music қолданбасын пайдалана алады. iPhone құрылғысында Apple және App Store жазылымдарын жанұя мүшелерімен бөлісу бөлімін қараңыз.
Музыканы iTunes Store дүкенінен сатып алу: iPhone құрылғысындағы iTunes Store дүкенінде музыканы, фильмдерді және телешоуларды алу бөлімін қараңыз.
Музыканы компьютеріңіздегі Music (macOS 10.15 немесе одан кейінгі) немесе iTunes (macOS 10.14 немесе оған дейінгі және Windows компьютерлері) арқылы синхрондау: iPhone құрылғысын компьютеріңізбен синхрондау бөлімін қараңыз.
Apple Music радиосын тыңдау: Apple Music радиосы Apple Music қызметінде тікелей эфирде тарататын үш дүниежүзілік радиостанцияны ұсынады—Apple Music 1, Apple Music Hits және Apple Music Country. Apple Music радиосы Apple және Android құрылғыларында, сонымен қатар music.apple.com мекенжайында танымал веб шолғыштарда қолжетімді.
Ескертпе: Қызметтер мен мүмкіндіктер барлық елдерде немесе аймақтарда қолжетімді бола бермеуі мүмкін және мүмкіндіктер аймақ бойынша өзгеруі мүмкін. Ұялы қосылымды пайдалану кезінде қосымша ақылар алынуы мүмкін.