iPhone құрылғысындағы Safari шолғышын пайдаланып Интернетті шолу
Safari қолданбасында Интернетті шолуыңызға, веб-тораптарды қарауыңызға, веб-торап сілтемелерін алдын ала қарауыңызға, веб-беттерді аударуыңызға және Safari қолданбасын Home Screen экраныңызға ол жойылған жағдайда қайтадан қосуыңызға болады. Ашық қойындыларыңызды, бетбелгілеріңізді, журналыңызды және Reading List тізіміңізді барлық құрылғыларыңызда жаңа күйде ұстау үшін iCloud қызметіне бірнеше құрылғыларыңызда бірдей Apple ID идентификаторымен кіріңіз.

Веб-тораптарды Safari шолғышымен қарау
Веб-бетті бірнеше түртумен оңай шарлауыңызға болады.
Жоғарыға қайту: Ұзын беттің жоғарғы жағына жылдам оралу үшін экранның жоғарғы шетін екі рет түртіңіз.
Беттің көп бөлігін көру: iPhone құрылғысын альбомдық бағдарға бұрыңыз.
Бетті жаңарту: Беттің жоғарғы жағынан төмен тартыңыз.
Сілтемелерді бөлісу: Беттің төменгі жағында
түймесін түртіңіз.
Веб-торап сілтемелерін алдын ала қарау
Бетті ашпастан сілтеменің алдын ала қарау көрінісін көру үшін Safari шолғышында сілтемені басып тұрыңыз. Сілтемені ашу үшін алдын ала қарау терезесін түртіңіз немесе Open параметрін таңдаңыз.
Алдын ала қарау көрінісін жабу және ағымдағы бетте қалу үшін алдын ала қарау терезесінен тыс кез келген жерді түртіңіз.

Веб-бетті аудару
(Beta) Басқа тілдегі веб-бетке кезіккен кезде, мәтінді аудару үшін Safari шолғышын пайдалануыңызға болады (барлық тілдерде немесе аймақтарда қолжетімді бола бермейді).
Веб-бетті басқа тілде қарау кезінде түймесін түртіңіз, одан кейін аударма қолжетімді болса,
түймесін түртіңіз.
Safari шолғышын қайтадан Home Screen экраныңызға қосу
Safari белгішесін Home Screen экранында көрмесеңіз, оны App Library кітапханасында тауып, қайта қосуыңызға болады.
Home Screen экранында App Library кітапханасына қатынау үшін солға сипаңыз.
Іздеу өрісіне «Safari» сөзін енгізіңіз.
белгішесін басып тұрыңыз, одан кейін Add to Home Screen түймесін түртіңіз.
Келесі бөлімдерді де қараңыз: