iPhone құрылғысында жеке арналарға жазылу жолы
News қолданбасында Apple News+ қызметіне жазылуға қосымша таңдаулы баспагерлерден жеке жарияланымдарға жазылуыңызға болады. Осы жазылымдарға News қолданбасында қатынаудың үш жолы бар:
News қолданбасында жазылу: Жазылымды News қолданбасынан тікелей сатып алуыңызға болады. Жазылымдарды ұсынатын арнада subscription түймесін түртіңіз.
Жариялаушының қолданбасынан сатып алынған бар жазылымға қатынау: Жариялаушының қолданбасын App Store дүкенінен жүктеп алған болсаңыз және қолданбадағы сатып алулар ретінде сатып алған жазылымдарыңыз News қызметінде де қолжетімді болса, сізге News қызметінде автоматты түрде қатынау рұқсаты беріледі. Қолданбадағы сатып алулармен және жазылымдармен қосымша қолданба мүмкіндіктерін сатып алу атты Apple Support мақаласын қараңыз.
Жариялаушыдан сатып алынған бар жазылымға қатынау: Жазылымды жариялаушының веб-торабынан немесе Apple емес құрылғыдағы жариялаушының қолданбасынан тікелей сатып алған болсаңыз, жариялаушы News қолданбасында тіркелгіңізге кіріп, жазылымыңызға онда қатынауға рұқсат етуі мүмкін.
Кіру үшін оқуға жазылымды талап ететін мақаланы түртіңіз, одан кейін Already a Subscriber? түймесін түртіңіз. Бар жазылымыңыз үшін пайдаланушы атыңыз бен құпия сөзіңізді енгізіңіз.
Арнаға жазылғаныңызда, оны және Today арнасында пайда болған арнадан мақалаларды автоматты түрде бақылайсыз.
Жазылымнан бас тарту үшін Following қойындысын түртіңіз, жоғары сипаңыз, Manage тақырыбының төменгі жағындағы Subscriptions түймесін түртіңіз, жазылымды таңдаңыз, одан кейін Cancel Subscription түймесін түртіңіз.