iPhone құрылғысындағы Safari шолғышында веб-беттерді бетбелгілеу
Safari қолданбасында веб-тораптарды бетбелгілеуіңізге, веб-тораптарды Favorites тізіміне қосуыңызға немесе веб-торапқа кейінірек оңай қайта кіру үшін веб-торап белгішесін Home Screen экранына қосуыңызға болады.
Ағымдағы бетке бетбелгі қою
түймесін, одан кейін Add Bookmark түймесін түртіңіз.
Бетбелгілерді қарау және реттеу
түймесін түртіңіз.
Edit түймесін түртіңіз, одан кейін келесі әрекеттердің кез келгенін орындаңыз:
Жаңа қалта жасау
Бетбелгілерді жою
Бетбелгілердің атауын өзгерту
Бетбелгілердің ретін өзгерту

Mac бетбелгілерін iPhone құрылғысында қарау
Settings > [your name] > iCloud тармағына өтіңіз, одан кейін Safari параметрін қосыңыз.
Ескертпе: Сондай-ақ, Mac компьютеріңіздегі iCloud preferences терезесінде Safari параметрін таңдауыңыз және бірдей Apple ID идентификаторымен кіруіңіз керек. iCloud пайдаланушы нұсқаулығындағы iCloud қызметін барлық құрылғыларыңызда Safari қолданбасы үшін орнату бөлімін қараңыз.
Веб-бетті таңдаулыларға қосу
Бетті ашыңыз, түймесін түртіңіз, одан кейін Add to Favorites түймесін түртіңіз.
Таңдаулыларыңызды өңдеу
түймесін, одан кейін Favorites түймесін түртіңіз.
Edit түймесін таңдаулыларыңызды жою, олардың атауын өзгерту немесе оларды қайта реттеу үшін түртіңіз.
Веб-торап белгішесін Home экраныңызға қосу
Веб-торап белгішесін сол торапқа жылдам қатынау үшін iPhone құрылғыңыздың Home экранына қосуыңызға болады.
Веб-тораптан түймесін, одан кейін Add to Home Screen түймесін түртіңіз.
Белгіше тек ол қосылған құрылғыда пайда болады.