iPhone құрылғысындағы Safari шолғышында таңдаулы веб-беттерді бетбелгілеу
Safari қолданбасында веб-тораптарды бетбелгілеңіз және оларға кейінірек оңай қайта кіру үшін оларды Favorites тізіміне қосыңыз.

Ағымдағы бетке бетбелгі қою
түймесін басып тұрыңыз, одан кейін Add Bookmark түймесін түртіңіз.
Бетбелгілерді қарау және реттеу
түймесін, одан кейін Bookmarks қойындысын түртіңіз.
Жаңа қалта жасау немесе жою, оның атауын өзгерту немесе бетбелгілерді қайта реттеу үшін Edit түймесін түртіңіз.
Mac бетбелгілерін iPhone құрылғысында қарау
Settings > [your name] > iCloud тармағына өтіңіз, одан кейін Safari параметрін қосыңыз.
Ескертпе: Сондай-ақ, Mac компьютеріңіздегі iCloud preferences терезесінде Safari параметрін таңдауыңыз және бірдей Apple ID идентификаторымен кіруіңіз керек.
Веб-бетті таңдаулыларға қосу
Бетті ашыңыз, түртіңіз, одан кейін Add to Favorites түймесін түртіңіз.
Таңдаулыларыңызды өңдеу үшін түймесін түртіңіз, таңдаулыларды жою, атауын өзгерту немесе қайта реттеу үшін Bookmarks қойындысын түртіңіз, Favorites түймесін, одан кейін Edit түймесін түртіңіз.
Таңдаулы және жиі кірілген тораптарды жылдам қарау
Таңдаулыларды көру үшін Search өрісін түртіңіз. Жиі кірілетін тораптарды көру үшін төмен айналдырыңыз.
Ескертпе: Осы тораптардың тізімін көрмеу үшін Settings > Safari тармағына өтіңіз, одан кейін Frequently Visited Sites параметрін өшіріңіз.
Веб-торап белгішесін iPhone құрылғыңыздың Home экранына қосу
Веб-торап белгішесін сол торапқа жылдам қатынау үшін iPhone құрылғыңыздың Home экранына қосуыңызға болады.
Веб-тораптан түймесін, одан кейін Add to Home Screen түймесін түртіңіз.
Белгіше тек ол қосылған құрылғыда пайда болады.