iPhone құрылғысының бағдарламалық жасақтамасы мен қызметі үшін қосымша ресурстарды табу
Қосымша iPhone құрылғысына қатысты қауіпсіздікті және қызмет мәліметтерін алу үшін келесі ресурстарды қараңыз.
Мәліметтер алу үшін | Мынаны орындаңыз |
---|---|
iPhone құрылғысын қауіпсіз пайдалану | iPhone құрылғысының маңызды қауіпсіздік ақпараты бөлімін қараңыз. |
iPhone қызметі және қолдауы, кеңестері, форумдары және Apple бағдарламалық жасақтамасының жүктеулері | iPhone Support веб-торабын қараңыз. |
Байланыс операторы беретін қызмет және қолдау | Байланыс операторыңызға хабарласыңыз немесе байланыс операторыңыздың веб-торабына өтіңіз. |
iPhone туралы ең соңғы ақпарат | iPhone веб-торабын қараңыз. |
Жекелендірілген қолдау алу (барлық елдерде немесе аймақтарда қолжетімді бола бермейді) | Apple Support веб-торабын қараңыз. |
Apple ID тіркелгіңізді басқару | Apple ID тіркелгі бетіне кіріңіз. |
iCloud қызметін пайдалану | iCloud Help бөлімін қараңыз. |
iTunes қолданбасын Windows үшін пайдалану | Windows жүйесіне арналған iTunes қолданбасының пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз. |
Басқа Apple iPhone қолданбаларын пайдалану | App Store Support веб-торабын қараңыз. |
iPhone сериялық нөмірін, IMEI, ICCID немесе MEID идентификаторын табу | iPhone сериялық нөмірін, Халықаралық мобильді жабдық идентификаторын (IMEI), Біріктірілген схемасы бар карта идентификаторы (ICCID) немесе Мобильді жабдық идентификаторын (MEID) iPhone орамынан таба аласыз. Не болмаса, iPhone құрылғысында Settings |
Кепілдік қызметін алу | Алдымен осы нұсқаулықтағы кеңесті орындаңыз, одан кейін iPhone Support веб-торабын қараңыз. |
iPhone нормативтік ақпаратын қарау | iPhone құрылғысында Settings |
Батареяға қызмет көрсету | |
Батарея өнімділігі мен жағдайы | |
iPhone құрылғысын қауымдық ортада пайдалану | Apple at Work веб-торабын қараңыз. |