iPhone құрылғысы мен Mac компьютеріңіздің арасында қиып алу, көшіру және қою
iPhone құрылғыңызда мазмұнды қиып алуыңызға немесе көшіруіңізге (мысалы, мәтін немесе сурет блогы), одан кейін оны басқа iPhone, iPad, iPod touch құрылғысында немесе Mac компьютерінде қоюыңызға болады және керісінше.
Әмбебап аралық сақтағыш жұмыс істеуі үшін барлық құрылғыларыңызда бірдей Apple ID идентификаторымен кіруіңіз керек. Құрылғыларыңыз Wi-Fi желісіне қосылған болуы, бір-бірінің Bluetooth ауқымында болуы (шамамен 10 метр), Bluetooth функциясы Settings терезесінде қосулы болуы және Handoff параметрі қосулы болуы тиіс. (iOS 10, iPadOS 13, macOS 10.12 немесе одан кейінгі жүйе қажет.)
Мазмұныңызды қысқа уақыт ішінде қиып алуыңыз, көшіруіңіз және қоюыңыз керек.
Көшіру, қиып алу немесе қою
Copy: Үш саусақпен шымшыңыз.
Cut: Үш саусақпен екі рет шымшыңыз.
Paste: Үш саусақпен шымшып ашыңыз.
Сондай-ақ, таңдауды басып тұруыңызға, одан кейін Cut, Copy немесе Paste түймесін түртуіңізге болады.
Мәтінді бөлектеу немесе кірістіру нүктесін орналастыру туралы қосымша ақпаратты iPhone құрылғысында мәтінді теру және өңдеу бөлімінен қараңыз.