iPhone құрылғысынан барлық мазмұн мен параметрлерді өшіру
Деректер жойылғанда ол iPhone интерфейсі арқылы одан әрі қолжетімді болмайды, бірақ ол iPhone жадынан өшірілмейді. Мазмұн мен параметрлердің барлығын жадтан жою үшін iPhone құрылғыңызды өшіріңіз. Мысалы, iPhone құрылғысын сату немесе біреуге беру алдында оны өшіріңіз. Мазмұныңыз бен параметрлеріңізді сақтау қажет болса, iPhone құрылғысын өшірместен бұрын оны сақтық көшірмелеңіз.
Settings
> General > Reset тармағына өтіңіз.
Құпия кодыңызды енгізу сұралса және оны ұмытып қалсаңыз, Құпия кодты қайта орнату бөлімін қараңыз. Apple ID құпия сөзіңізді енгізу сұралса және оны ұмытып қалсаңыз, Apple ID идентификаторыңызды қалпына келтіру веб-торабын қараңыз.
Erase All Content and Settings түймесін түртіңіз.
iPhone құрылғысы барлық мазмұн мен параметрлер өшіріліп қайта іске қосылғанда, iPhone құрылғысын жаңа ретінде орнату немесе оны сақтық көшірмеден қалпына келтіру таңдауыңыз болады. (iPhone құрылғысын қосу және орнату бөлімін қараңыз.)