iPhone құрылғысында төтенше қоңыраулар шалу
Төтенше жағдайда көмекке жылдам шақыру үшін iPhone құрылғысын пайдаланыңыз. Emergency SOS параметрімен жылдам және оңай көмекке шақыруыңызға және төтенше жағдай контактілеріне ескерту жіберуіңізге болады.
Medical ID картаңызды бөліссеңіз, 911 нөміріне қоңырау шалғанда немесе хабар жібергенде, не болмаса Emergency SOS параметрін пайдаланған кезде (тек АҚШ; iOS 13.5 немесе одан кейінгі жүйе керек), iPhone құрылғыңыз медициналық ақпаратыңызды төтенше жағдайда қызмет көрсету орталықтарына жібере алады.
Ескертпе: АҚШ-та төтенше жағдайда көмек алу үшін 911 нөміріне хабар жіберуіңізге болады (барлық жерлерде қолжетімді бола бермейді). iPhone немесе Apple Watch құрылғысында 911 нөміріне хабар жіберу атты Apple Support мақаласын қараңыз.
iPhone құлыптаулы кезде төтенше жағдай қоңырауын теру
Passcode экранында Emergency түймесін түртіңіз.
Төтенше жағдай нөмірін (мысалы, АҚШ-та 911) теріңіз, одан кейін түймесін түртіңіз.
Emergency SOS қоңырауын пайдалану (Үндістаннан басқа барлық елдер немесе аймақтар)
iPhone 8 және одан кейінгі құрылғыда: Бүйірлік түймені және дыбыс деңгейі түймесінің біреуін басып тұрыңыз. Emergency SOS слайдері пайда болғанда iPhone құрылғысы ескерту дыбысын ойнатып, кері санауды бастағанша түймелерді басып тұра беріңіз. (Кері санауды өткізу үшін Emergency SOS слайдерін сүйреңіз.) Кері санау аяқталған кезде iPhone төтенше жағдай қызметтеріне қоңырау шалады.
Не болмаса, iPhone құрылғысын бүйірлік түймені бес рет басқанда Emergency SOS қоңырауын бастайтын етіп қосуыңызға болады. Settings > Emergency SOS тармағына өтіңіз, одан кейін Call with Side Button параметрін қосыңыз.
Басқа iPhone үлгілерінде: Бүйірлік түймені немесе Sleep/Wake түймесін (үлгіңізге байланысты) бес рет басыңыз, одан кейін Emergency SOS слайдерін сүйреңіз.
Төтенше жағдай қоңырауы аяқталғаннан кейін iPhone сіз қоңырау шалған төтенше жағдай контактілерін ескертеді және оларға ағымдағы орныңызды жібереді (қолжетімді болса).
Emergency SOS параметрін пайдалану (Үндістан)
Face ID функциясы бар iPhone құрылғысында: Бүйірлік түймені үш рет басыңыз. Не болмаса, Accessibility Shortcut параметрі қосылған болса, бүйірлік түймені және дыбыс деңгейі түймесінің біреуін слайдерлер пайда болғанша басып тұрыңыз, одан кейін «Emergency SOS» слайдерін сүйреңіз.
Home түймесі бар iPhone құрылғысында: Бүйірлік түймені немесе Sleep/Wake түймесін (үлгіге байланысты) үш рет басыңыз.
Әдепкі бойынша, iPhone құрылғысы ескерту дыбысын ойнатады, кері санауды бастайды, одан кейін төтенше жағдай қызметтеріне қоңырау шалады.
Төтенше жағдай қоңырауы аяқталғаннан кейін iPhone сіз қоңырау шалған төтенше жағдай контактілерін ескертеді және оларға ағымдағы орныңызды жібереді (қолжетімді болса).
Emergency SOS параметрлеріңізді өзгерту
Settings > Emergency SOS тармағына өтіңіз.
Келесі әрекеттердің кез келгенін орындаңыз:
Auto Call параметрін қосу немесе өшіру: Auto қосулы кезде және Emergency SOS қоңырауын шалған кезіңізде, iPhone ескерту дыбысын ойнатады, кері санауды бастайды, одан кейін аймағыңыздағы төтенше жағдай қызметтеріне қоңырау шалады.
Кері санау дыбысын қосу немесе өшіру: Countdown Sound параметрі қосулы кезде, iPhone құрылғысы ескерту дыбысын тыныш режимінде кезде де немесе Do Not Disturb параметрі қосулы болған кезде де ойнатады.
Төтенше жағдай контактілеріңізді басқару: Set Up Emergency Contacts in Health немесе Edit Emergency Contacts in Health түймесін түртіңіз. iPhone құрылғысындағы Health қолданбасында Medical ID картаңызды жасау және бөлісу бөлімін қараңыз.
iPhone құрылғысындағы төтенше жағдай қоңыраулары туралы маңызды ақпарат
iPhone құрылғысын ұялы желі қызметі қолжетімді болған жағдайда, көптеген жерлерде төтенше жағдай қоңырауын шалу үшін пайдалануыңызға болады, бірақ төтенше жағдайлар үшін оған сенбеуіңіз керек. Кейбір байланыс операторының желілері iPhone құрылғысынан төтенше жағдай қоңырауын келесі жағдайларда қабылдамайды: iPhone құрылғысы нақты байланыс операторында белсендірілмеген, iPhone құрылғысы үйлесімді емес немесе онда жұмыс істеу үшін теңшелмеген, не болмаса (тиісті кезде) iPhone құрылғысында SIM картасы болмаған немесе SIM картасы PIN кодымен құлыпталған жағдайда.
Кейбір елдерде немесе аймақтарда сіздің орын туралы ақпаратыңызға (анықталатын болса) төтенше жағдай қоңырауын шалған кезіңізде төтенше жағдайда қызмет көрсету провайдерлері қатынауы мүмкін.
Wi-Fi желісі арқылы төтенше жағдай қоңырауын шалу шектерін түсіну үшін байланыс операторыңыздың төтенше жағдай қоңырауын шалу ақпаратын қарап шығыңыз.
CDMA көмегімен төтенше жағдай қоңырауы аяқталған кезде, iPhone құрылғысы төтенше жағдай қызметтерінен қайта қоңырау шалуға мүмкіндік беру үшін бірнеше минут бойы төтенше жағдай қоңырауы режиміне өтеді. Бұл уақыт кезінде деректерді тасымалдау мен мәтіндік хабарлар блокталады.
Төтенше жағдай қоңырауын шалғаннан кейін, кіріс қоңырауларын блоктайтын немесе олардың дыбысын өшіретін белгілі бір қоңырау мүмкіндіктері төтенше жағдай қызметтерінен қайта қоңырау шалуға мүмкіндік беру үшін қысқа уақыт мерзіміне ажыратылуы мүмкін. Бұлар Do Not Disturb, Silence Unknown Callers және Screen Time мүмкіндіктерін қамтиды.
Dual SIM технологиясы бар iPhone құрылғысында Wi-Fi Calling мүмкіндігін желі үшін қоспасаңыз, сол желідегі барлық кіріс телефон қоңыраулары (төтенше жағдай қызметтерінен қоңырауларды қоса) басқа желі қолданыста кезде тікелей дауыстық поштаға (байланыс операторыңыздан қолжетімді болса) өтеді; қабылданбаған қоңырау хабарландыруларын алмайсыз.
Желі бос емес кезде немесе жұмыс істемеген жағдайда шартты қоңырауды қайта бағыттауды (операторыңыздан қолжетімді болса) бір желіден басқасына орнатсаңыз, қоңыраулар дауыстық поштаға өтпейді; орнату ақпараты үшін операторыңызға хабарласыңыз.