iPhone құрылғысындағы Messages қолданбасында Animoji және Memoji функцияларын пайдалану
Messages қолданбасын ойыңызды Animoji стикерімен және болмысыңыз бен көңіл-күйіңізге сәйкес келетін жекелендірілген Memoji стикерімен білдіру үшін пайдаланыңыз. TrueDepth камерасы бар үлгілерде дауысыңыз жазатын және эмоцияларыңызды көрсететін анимацияланған Animoji немесе Memoji хабарларын жіберуіңізге болады.
Өз Memoji кейіпкеріңізді жасау
Өзіңіздің жекелендірілген Memoji кейіпкеріңізді жасақтауыңызға—тері түсі мен сепкілдерді, шаш үлгісі мен түсін, бет бөліктерін, бас киімді, көзілдіріктерді және т.б. таңдауыңызға болады. Түрлі көңіл-күйлер үшін көбірек Memoji кейіпкерлерін жасауыңызға болады.

Сөйлесуде
түймесін түртіңіз, одан кейін
түймесін түртіңіз.
Әрбір мүмкіндікті түртіңіз және қажетті параметрлеріңізді таңдаңыз. Memoji кейіпкеріңізге мүмкіндіктер қоса бастағаныңызда кейіпкеріңіз жанданады.
Memoji кейіпкеріңізді жинағыңызға қосу үшін Done түймесін түртіңіз.
Memoji кейіпкерін өңдеу, көшірмелеу немесе жою үшін түймесін түртіңіз, Memoji түймесін түртіңіз, одан кейін
түймесін түртіңіз.
Animoji және Memoji стикерлерін жіберу
Messages қолданбасы Memoji және Animoji кейіпкерлеріңізге негізделген стикер бумаларын автоматты түрде жасайды. Стикерлерді түрлі көңіл-күйлерді түрлі жолдармен білдіру үшін пайдалануыңызға болады.
Сөйлесуде
түймесін түртіңіз.
Стикер жинағындағы стикерлерді қарау үшін жоғарғы жолдағы Memoji немесе Animoji түймесін түртіңіз.
Стикерді жіберу үшін келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:
Стикерді хабар көпіршігіне қосу үшін оны түртіңіз. Қаласаңыз, аңғартпа қосыңыз, одан кейін жіберу үшін
түймесін түртіңіз.
Стикерді басып тұрыңыз, одан кейін оны сөйлесуде хабардың жоғарғы жағына сүйреңіз. Стикер хабарға қосылған кезде ол автоматты түрде жіберіледі.
Анимацияланған Animoji немесе Memoji жазбаларын жіберу
Қолдау көрсетілген үлгілерде дауысыңызды пайдаланатын және эмоцияларыңызды көрсететін Animoji және Memoji хабарларын жіберуіңізге болады.

Сөйлесуде
түймесін түртіңіз, одан кейін Animoji немесе Memoji параметрін таңдаңыз.
Эмоцияларыңыз бен дауысыңызды жазу үшін
түймесін түртіңіз. Жазуды тоқтату үшін қызыл шаршыны түртіңіз.
Хабарыңызды қарап шығу үшін Replay түймесін түртіңіз.
Хабарыңызды жіберу үшін
түймесін, ал болдырмау үшін
түймесін түртіңіз.
Сондай-ақ, Animoji немесе Memoji ретінде өзіңіздің суретіңізді немесе бейнеңізді түсіруіңізге, оны стикерлермен безендіруіңізге, одан кейін оны жіберуіңізге болады; Фотосуретке немесе бейнеге камера әсерлерін қосу бөлімін қараңыз. Не болмаса, FaceTime сөйлесуінде Animoji немесе Memoji кейіпкеріне айналуыңызға болады.