iPhone құрылғысындағы Health қолданбасында денсаулық жазбаларын жүктеп алу
Health қолданбасы аллергияларыңыз, жағдайларыңыз, дәрілеріңіз және т.б. туралы қолдау көрсетілген денсаулық сақтау мекемелерінен алынған ақпаратқа қатынас рұқсатын ұсынады (барлық елдерде немесе аймақтарда қолжетімді бола бермейді).
Ескертпе: Сіздің денсаулық сақтау мекемеңіз бұл мүмкіндікте пайда болмауы мүмкін. Мекемелер жиі қосылады. iPhone және iPod touch құрылғыларындағы денсаулық жазбаларын қолдайтын мекемелер атты Apple Support мақаласын қараңыз.

iPhone құрылғысы құпия кодпен, Touch ID немесе Face ID идентификаторымен құлыпталған кезде, —Medical ID картаңызға қосқан деректерден басқа—Health қолданбасындағы денсаулық деректеріңіздің барлығы шифрланады.
Автоматты жүктеулерді орнату
Жоғарғы оң жақтағы профайл суретіңізді түртіңіз, одан кейін Health Records түймесін түртіңіз.
Профайл суретін көрмесеңіз, экранның төменгі жағындағы Summary немесе Browse түймесін түтіңіз, одан кейін беттің жоғарғы жағына жылжыңыз.
Келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:
Бірінші жүктеуіңізді орнату: Get Started түймесін түртіңіз.
Қосымша тіркелгілер үшін жүктеулерді орнату: Add Account түймесін түртіңіз.
Денсаулық жазбаларыңызды алатын клиника немесе аурухана сияқты мекеменің атауын енгізіңіз. Не болмаса, жақын мекемелердің тізімін табу үшін өзіңіз тұратын қаланың немесе облыстың атауын енгізіңіз.
Нәтижені ашу үшін оны түртіңіз.
Емделуші порталыңызға кіру экранына өту үшін Available to Connect түймесінің төменгі жағында Connect to Account түймесін түртіңіз.
Сол мекеменің емделуші веб-порталы үшін пайдаланатын пайдаланушы атыңыз бен құпия сөзіңізді енгізіңіз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Денсаулық жазбаларыңызды қарау
Health Categories экранын көрсету үшін төменгі оң жақтағы Browse түймесін түртіңіз, одан кейін келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:
Іздеу өрісін түртіңіз, одан кейін денсаулық жазбасы санатының атауын (Clinical Vitals сияқты) енгізіңіз немесе деректерді (Blood Pressure сияқты) теріңіз.
Төмен жылжыңыз, одан кейін Health Records түймесінің төменгі жағындағы санатты (Allergies немесе Clinical Vitals сияқты) түртіңіз.
Төмен жылжыңыз, одан кейін нақты ұйымның атауын түртіңіз.
Қосымша мәліметтерді көру үшін түймесі көрінетін кез келген бөлімді түртіңіз.

Денсаулық жазбалары үшін хабарландыру параметрлерін теңшеу
Settings > Notifications > Health тармағына өтіңіз, одан кейін параметрлерді таңдаңыз. iPhone құрылғысында хабарландыруларды қарау және оларға жауап беру бөлімін қараңыз.
Мекеме мен оның жазбаларын iPhone құрылғысынан жою
Жоғарғы оң жақтағы профайл суретіңізді түртіңіз, одан кейін Health Records түймесін түртіңіз.
Профайл суретін көрмесеңіз, экранның төменгі жағындағы Summary немесе Browse түймесін түтіңіз, одан кейін беттің жоғарғы жағына жылжыңыз.
Мекеменің атауын түртіңіз, одан кейін Remove Account түймесін түртіңіз.
Жазбаларыңызды басқа қолданбалармен бөлісу
Үшінші тарап қолданбалары денсаулық жазбаларыңызға қатынау рұқсатын сұрай алады: Қатынау рұқсатын берместен бұрын қолданбаға жазбаларыңызды сенетініңізді тексеріңіз.
Қатынау рұқсатын беру үшін сұралған кезде бөлісу керек санаттарды таңдаңыз—аллергиялар, дәрілер немесе иммунизация сияқты.
Ағымдағы немесе болашақтағы денсаулық жазбаларыңызға немесе тек ағымдағы жазбаларыңызға қатынау рұқсатын беруді таңдаңыз.
Тек ағымдағы жазбаларыңызды бөлісуді таңдасаңыз, сізден жаңа жазбалар iPhone құрылғыңызға жүктелген сайын қатынау рұқсатын беру сұралады.
Денсаулық жазбаларын қолданбамен бөлісуді тоқтату үшін оның Health қолданбасынан деректерді оқу рұқсатын өшіріңіз.