Дыбысты iPhone құрылғысынан есту құрылғыларына ағынмен жіберу
Дыбысты iPhone құрылғысынан және оның қолданбаларынан есту құрылғыларыңызға ағынмен жіберіңіз. Керек десеңіз, дыбысты микрофоннан Made For iPhone (MFi) есту құрылғыларыңызға немесе AirPods құлақаспабына ағынмен жіберу үшін Live Listen мүмкіндігін пайдалануыңызға болады.
Дыбысты есту құрылғыларына ағынмен жіберу
Дыбысты Phone құрылғысынан, Siri, Music, Apple TV және т.б. қолданбадан ағынмен жіберу үшін Bluetooth құлақаспаптарын орнату және тыңдау бөлімін қараңыз.
Сондай-ақ, дыбыстық қоңырауларды есту құрылғысына автоматты түрде бағыттауыңызға болады.
Live Listen мүмкіндігімен iPhone құрылғысын қашықтағы микрофон ретінде пайдалану
Дыбысты iPhone құрылғысындағы микрофоннан Made For iPhone (MFi) есту құрылғыларыңызға немесе AirPods құлақаспабына ағынмен жіберіңіз. Бұл кейбір жағдайларда жақсырақ естуіңізге көмектеседі—мысалы, шулы ортада сөйлесіп жатқанда.
AirPods құлақаспабын пайдаланып отырсаңыз, оларды құлағыңызға қойыңыз.
Келесі әдістердің біреуімен Live Listen мүмкіндігін қосыңыз:
Control Center терезесін ашыңыз,
түймесін түртіңіз, есту құрылғыңызды немесе AirPods құлақаспабын түртіңіз, одан кейін Live Listen параметрін қосыңыз.
(
түймесін көрмесеңіз, оны Control Center терезесіне қосыңыз—Settings
> Control Center > Customize Controls тармағына өтіңіз, одан кейін Hearing параметрін таңдаңыз.)
Бүйірлік түймені үш рет басыңыз (Face ID функциясы бар iPhone құрылғысында) немесе Home түймесін үш рет басыңыз (басқа iPhone үлгілерінде), Hearing Devices түймесін, одан кейін Live Listen түймесін түртіңіз.
iPhone құрылғысын дыбыс көзіне жақын орналастырыңыз.