iPhone құрылғысындағы App Store дүкенінде қолданбалар алу
App Store қолданбасында жаңа қолданбаларды, дайын мақалаларды, кеңестер мен әдістерді және қолданбадағы шараларды табуыңызға болады.

Ескертпе: App Store дүкенін пайдалану үшін сізге Интернет қосылымы және Apple ID керек. App Store және Apple Arcade қызметтерінің қолжетімділігі елге немесе аймаққа байланысты өзгереді. Apple Media Services қолжетімділігі атты Apple Support мақаласын қараңыз.
Қолданбаларды табу
Қолданбаларды, ойындарды және қолданба ішіндегі шараларды табу үшін келесілердің кез келгенін түртіңіз:
Today: Дайын мақалаларды, қолданбаларды және қолданба ішіндегі шараларды шолыңыз.
Games: Келесі ойыныңызды ондаған санаттар ішінен, соның ішінде әрекет, шытырман, жарыс, пазлдар және т.б. санаттардан табыңыз.
Apps: Жаңа шығарылымдарды шолыңыз, басты диаграммаларды қараңыз немесе санат бойынша шолыңыз.
Arcade: Apple Arcade қызметінен (жазылым керек) жоғары сапалы ойындардың жіті таңдалған жинағын жарнамасыз немесе қолданба ішіндегі сатып алуларсыз тамашалаңыз.
Search: Іздеген нәрсеңізді енгізіңіз, одан кейін пернетақтадағы Search пернесін түртіңіз.
Siri: Келесі сияқты бірнәрсені айтсаңыз да болады: «Search the App Store for cooking apps» немесе «Get the Minecraft app.» Siri көмекшісінен сұрау жолын үйреніңіз.
Қолданба туралы қосымша ақпарат алу
Келесі ақпаратты және т.б. көру үшін қолданбаны түртіңіз:
Скриншоттар немесе алдын ала қарау көріністері
Қолданбадағы шаралар
Рейтингтер мен сараптамалар
Қолдау көрсетілетін тілдер
Game Center және Family Sharing қолдауы
Басқа Apple құрылғыларымен үйлесімділік
Файл өлшемі
Құпиялылық ақпараты; Қолданбалардың құпиялылық тәжірибелерін қарап шығу бөлімін қараңыз
Қолданбаны сатып алып, жүктеу
Бағаны түртіңіз. Қолданба тегін болса, Get түймесін түртіңіз.
Бағаның орнына
түймесін көрсеңіз, қолданбаны әлдеқашан сатып алып қойғансыз және оны тегін жүктеп алуыңызға болады.
Талап етілсе, сатып алуды аяқтау үшін Apple ID идентификаторыңызды Face ID, Touch ID идентификаторларымен немесе құпия кодыңызбен растаңыз.
Қолданбаны App Library қалтасындағы Recently Added санатынан таба аласыз. Қолданба жүктеліп жатқанда, прогресс индикаторы қолданба белгішесінде пайда болады. iPhone құрылғысында App Library қойындысында қолданбаларыңызды табу және Жаңа қолданбалар жүктеп алынатын жерді өзгерту бөлімдерін қараңыз.
App Store виджетін алу
Мақалаларды, жинақтарды және қолданбадағы шараларды тікелей Home Screen экранынан қараңыз. iPhone құрылғысында виджеттер қосу бөлімін қараңыз.
Қолданбаны бөлісу немесе беру
Қолданба мәліметтерін көру үшін оны түртіңіз.
түймесін түртіңіз, одан кейін бөлісу параметрін таңдаңыз немесе Gift App түймесін (барлық қолданбалар үшін қолжетімді бола бермейді) түртіңіз.
Apple Gift Card сыйлық картасын сатып алу немесе жіберу
Жоғарғы оң жақтағы
түймесін немесе профайлыңыздың суретін түртіңіз.
Келесілердің біреуін түртіңіз:
Redeem Gift Card or Code
Send Gift Card by Email