Apple ID

Apple ID идентификаторыңыз — App Store, Apple Music, iCloud, FaceTime, iTunes Store және т.б. сияқты Apple қызметтеріне қатынау үшін пайдаланатын тіркелгіңіз.

  • Apple ID электрондық пошта мекенжайынан және құпия сөзден тұрады. Кейбір жерлерде электрондық пошта мекенжайының орнына телефон нөмірін пайдалана аласыз. Apple ID идентификаторыңыз ретінде ұялы телефоныңыздың нөмірін пайдалану атты Apple Support мақаласын қараңыз.

  • Кез келген құрылғыда кез келген Apple қызметін пайдалану үшін бірдей Apple ID идентификаторымен кіріңіз. Осылайша, бір құрылғыда сатып алсаңыз немесе элементтерді жүктеп алсаңыз, сол элементтер басқа құрылғыларыңызда қолжетімді болады. Сатып алуларыңыз Apple ID идентификаторыңызға байланған және басқа Apple ID идентификаторына тасымалданбайды.

  • Жеке Apple ID идентификаторыңыз болғаны және оны сақтамаған дұрыс. Жанұя тобының бөлігі болсаңыз, Family Sharing мүмкіндігін сатып алуларды жанұя мүшелері арасында бөлісу үшін пайдалана аласыз—Apple ID идентификаторын бөлісудің қажеті жоқ.

Apple ID туралы қосымша мәліметтерді Apple ID Support бетінен қараңыз. Идентификатор жасау үшін Apple ID тіркелгісінің веб-торабына өтіңіз.